Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІ съезінің декларациясы

Егемен Қазақстан
12.10.2018 1104
2

Біз, VI съездің қатысушылары – барша адамзаттың гүлденуі жолында бейбітшілікке, келісімге және жасампаз ынтымақтастыққа бірыңғай ұмтылыспен біріккен әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, мемлекет басшылары, халықаралық ұйымдардың басшылары, Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға біздің халықтарымыз бен мемлекеттеріміз арасындағы бейбітшілік пен келісімге, диалог пен қауіпсіздікке қол жеткізу үдерісіне теңдессіз үлесі үшін шексіз ризашылығымыз бен алғысымызды білдіре отырып, барша Қазақстан халқына және оның Үкіметіне олардың кішіпейілділігі мен қонақжайлылығына өзіміздің шексіз қошеметіміз бен құрметімізді куәландыра отырып, болашақ ұрпақ үшін жанжалсыз келешек құру жолында өркениеттер мен діндер арасындағы бітімгерлік диалогты дамыту мен алға жылжытудағы Қазақстан Республикасының бірегей үлесін мойындай отырып, өркениетаралық және дінаралық диалогты дамыту мен нығайту үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің іргелі рөлін бірегей жаһандық платформа ретінде қошеметтей отырып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бес Съезінің нәтижесі бойынша айтылған алдыңғы Мәлімдемелердің рухына адал бола отырып, планетамыздың діни және мәдени әр алуандығын адамзат өркениетінің ұлы мұрасы ретінде сақтаудың маңыздылығын растай отырып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің диалог пен позитивті гуманистік құндылықтарды насихаттау арқылы халықтар мен мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруін ілгерілетуге мүдделі мемлекеттік және қоғамдық институттармен ынтымақтастығының маңыздылығын атап көрсете отырып, мемлекеттер, қоғам және халықтар арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністік идеяларын ілгерілету мен насихаттау саласындағы үкіметтердің, сондай-ақ үкіметтік және үкіметтік емес, ұлттық және халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының айрықша рөлін белгілей отырып,  әлемдік өркениеттің әмбебап тірегі болатын көпконфессиялық қоғамның бейбіт қатар өмір сүруі мен өзара іс-қимылының бірегей тарихи үлгілеріне сүйене отырып,  діни, этностық, мәдени және лингвистикалық айырмашылық негізіндегі шеттетуді, төзімсіздікті, кемсітушілікті, жанжалдарды және қайшылықтарды еңсеру жолындағы ынтымақтастықтың рухани бағдарынан таймаудың маңыздылығына айрықша мән бере отырып,  игі істердің, қайырымдылыққа қызмет етудің, бейбітшілік пен әділдік идеяларына берілгендіктің халықтар мен мемлекеттерге әскери текетірестерге қарағанда әлдеқайда көп пайда әкелуі мүмкін екенін түсіне отырып, планетаның түрлі өңірлеріндегі әскери жанжалдар мен нақақ қантөгістерді шұғыл реттеуге және түбегейлі шешуге бағытталған саяси лидерлердің жігерін қолдай отырып, халықаралық террористік ұйымдар тарапынан жалғасып отырған дөрекі, жүйелі және адам құқықтарына жаппай нұқсан келтіру мен халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын бұзуды және/немесе түрлі діндерге сенушілер арасындағы және сол бір сенімге нанушылар арасындағы өзара сенім мен өзара іс-қимылды бұзатын терроризмге қолдау көрсетуді барынша қатаң түрде сынға ала отырып, дінді саяси жанжалдарда әртүрлі теріс пайдаланудан, өзімшілдік пен төзімсіздік білдіруден, агрессияшыл ұлтшылдықтан және ерекшеленуге ұмтылудан бас тарта отырып,  шетелдік жауынгер-террористердің оралу жә­не орын ауыстыру проблемаларын барлық мемле­кет­тердің халықаралық терроризммен және діни экстремизммен күресіндегі келесі жаһандық қатер ретінде ескере отырып,  жоғары этика нормаларының үстемдік құруына, ұмтылыстарымыздың ортақтығына, тұрақтылық, барлық адамдардың саламаттылығы, қауіпсіздігі мақсатында өзара сенім мен өзара құрмет көрсетуге бейілділікті растай отырып,   Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында шақырылуын жалғастыру ниетін қолдай отырып,

МЫНАЛАРҒА:

1) әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізу және өшпенділік пен төзбеушіліктен туындайтын зорлық-зомбылық оқиғаларын болғызбау жөніндегі аса белсенді күш-жігер салуға тартылуына барынша жәрдемдесуге,

2) әлемдегі қауіпсіздікті толық форматты қамтамасыз етуге бағытталған өмірлік маңызы бар ұсынымдар мен бағдарламаларды табысты жүзеге асыру үшін негізгі идея ретінде діни лидерлердің ха­лық­аралық институттармен, үкіметтермен және қоғамдық институттармен ынтымақтастығын нығайтуға,

3) нәсіліне, дініне, нанымына, тіліне және жынысына қарамастан, барлық қоғамдар мен ха­лық­тарға бейбіт өмірге ажырамас құқықты иеленуге барынша жәрдемдесуге,

4) нәсілдік, тілдік, діни, ұлттық, этностық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік, жіктік немесе өз­ге де жағдайына қарамастан, барлық азаматтардың тең құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге және бір-бірімізбен бауырластық рухындағы қарым-қатынаста болуға,

5) халықаралық қоғамдастықтың әділ және тартыссыз әлемдік ахуалды құру жөніндегі қызметінің негізгі әрі ажырамас бағыттарының бірі ретінде дінаралық және конфессияаралық диалогты нығайту саласындағы күш-жігерді тану жөніндегі бастамаларды қолдауға,

6) экстремистер мен террористер тарапынан құқықтарына шектеу қойылған және зорлық-зомбылыққа ұшыраған барлық діни топтар мен этнос­тық қауымдарға ниеттестік білдіруге,

7) босқындарды, олардың құқықтары мен ар-на­мы­сын қорғауға бағытталған күш-жігерге қолдау көр­сетуге, сондай-ақ оларға барлық қажетті көмекті көрсетуге, 

8) саяси қайраткерлерді және әлемдік БАҚ-ты тер­ро­ризмді дінмен теңдестіру практикасын тоқтатуға шақы­руға, өйткені бұл идеялар біздің діндеріміздің болмы­сына және олардың бейбіт қатар өмір сүруіне зиян келтіреді, бір ғана дінге және әртүрлі діндерге еру­шілер арасындағы өзара сенім мен өзара іс-қи­мылға залал келтіреді,

9) әлемдік қоғамдастықтың прогрессивті бөлігінің қоғамды діни, нәсілдік не этностық қағидаттар бо­йынша бөлу әрекеттерінің жолын кесу жөніндегі күш-жігерін қолдауға,

10) діни лидерлерді БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және қоғамдық жиналыстарда бейбітшілік, өзара тү­сі­ністік және толеранттық құндылықтарын ілге­рі­ле­туге шақыруға, сондай-ақ барлық діндер үшін қа­сиет­ті жер­лерде арандатушылықтарды және зорлық-зом­бы­лық­ты болғызбау жөніндегі барлық күш-жігерді салуға,

11) барлық діндердің құлшылық ету орындарында және қасиетті жерлерде, оның ішінде барлық ав­раам­дық діндер өкілдері үшін қасиетті жер санала­тын Иерусалимде арандатуларды және зорлық-зом­былықты болдырмау үшін бүкіл күш-жігерді салуға,

12) өркениетаралық дінаралық және мәде­ниет­аралық диалогты әділ, бейбіт әрі жауапты аза­маттық қоғамды құрудың ең жақсы тәсілі ретінде қа­рас­тыратын бастамалар мен институттарды ілгерілетуге,

13) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зи­ден­тінің бейбітшілік пен келісім жолындағы жаһан­дық өзара іс-қимыл процесіне қосқан айрықша үлесін танудың белгісі ретінде «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығын» құруды қолдауға,

14) террористік және экстремистік ұйымдардың идеологияларын тарату үшін негіз ретінде діни ілімдерді бөлшектеуді және діни құндылықтарды диффамациялауды теріске шығаруға,

15) әлем құрылысының, әртүрлі діндерді ұстану­шылар арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың, әлемдік және дәстүрлі діндер арасында болып тұратын шиеленістерді шешудің дәстүрлерін көтермелеуге және оларды іс жүзінде қолдануға,

16) өз дініміздің өкілдері арасында барлық конфессия өкілдерімен бейбіт қатар өмір сүрудің қажеттілігі мен маңыздылығы туралы идеяны ілгерілетуге,

17) оңалту және дерадикализациялау бағдар­ла­малары шеңберінде өз елдеріне қайта оралған шетелдік содыр террористерге қатысты тиімді шаралар әзірлеуге жәрдемдесуге және қатысуға,

18) ұлттық, діни және халықаралық деңгейлерде дінаралық диалогты, өзара құрметпен қарауды және үйлесімді нығайта түсуге ықпал етуге,

19) адам мен адамның қатар өмір сүруінің ең ма­ңызды негізі ретінде әртүрлі өркениеттер мен діндердің жақындасуына ықпал етуге,

20) мемлекеттерге және саяси лидерлерге діни экстремизмнің және халықаралық терроризмнің туын­дауының қайнар көздері мен негізгі себептерін талдау­да және зерттеуде жәрдем көрсетуге,

21) жастардың радикализмге бет бұруын болғызбау мақсатында үкіметтерді олармен жұмыс жүргізуді жандандыруға шақыруға,

22) беделді діни лидерлердің сөздері ғана «дін пікірі» ретінде қабылданатындай позицияны анық ұстануға,

23) Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезін 2021 жылы Қазақстан Республикасы, Астана қаласында өткізуге

ӘЗІР ЕКЕНДІГІМІЗ ЖӨНІНДЕ МӘЛІМ­ДЕЙМІЗ.

Біз барша адал ниеті мен сенімі бар адамдарды осындай күрделі кезеңде бірігуге және ғаламшарымызда бей­бітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге өзінің жауапкершілік үлесін қосуға шақырамыз.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, 

2018 жылғы 11 қазан

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2018

Астанада вирусты менингитке күдікті сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды

18.10.2018

Еуроодақ саммиті: «Брексит» мәселесі қиындай түсті

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Рольф Драакпен және Мехран Эфтехармен кездесті

18.10.2018

Қарағандыда әнші-композитор Қорабай Есеновтің мерейтойлық кеші өтті

18.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездесті

18.10.2018

Маңғыстауда алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

18.10.2018

«Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы басталды

18.10.2018

Көлік кептелісінде көмекші - Road Zipper

18.10.2018

«Хабар 24»: «Egemen Qazaqstan»-ға шолу

18.10.2018

Венгрияға баратын балуандар белгілі

18.10.2018

Қыздар университеті туған жерге тағзым етіп қайтты

18.10.2018

Керчьтегі оқиғада қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ

18.10.2018

Илья Теренченко «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды

18.10.2018

Д. Кәлетаев Қостанайдағы үкіметтік емес ұйымдар республикаға үлгі екенін айтты

18.10.2018

Таиланд қазақстандықтарға визаны тегін бермек

18.10.2018

Қызылордада Жолдаудағы тапсырмалардың мәні түсіндірілді

18.10.2018

79 жасында алғаш рет подиумға шыққан Ван Дешунь

18.10.2018

Жалпы азаматтық құқықтар ар-ұждан бостандығымен шиеленіспейді

18.10.2018

Қызылордада апатты үйлер мәселесі шешілді

18.10.2018

Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу