Қоғам • 12 Қазан, 2018

Жолдау міндеттерін жүзеге асырудың жолдары нақтыланды

388 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ақтауда облыс активінің жиналысы өтіп, жиын барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге қажетті шаралар айқындалды. 

Жолдау міндеттерін жүзеге асырудың жолдары нақтыланды

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Жолдаудағы бірінші басымдық халық табысының өсуі екенін атап өтті. 28 мың бюджет қыз­мет­керінің еңбекақысы орта есеппен 35% - ке өседі. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі 25 000 адам үшін төлем мөл­шері ұлғайтылатын болады. Сон­дықтан өңір басшысы барлық бюджеттік мекемелерге, жала­қы­ны көтеру туралы есепті эко­номика және бюджеттік жос­парлау басқармасына дереу ұсы­нуды, сондай-ақ бәсеке­лестікті дамыту және моно­по­­листік компаниялардың та­риф­терін реттеу мәселесі бойынша монополистер мен ПИК-ке тексеру жүргізуді тапсырды.

– Елбасы шағын және орта бизнес үшін салық амнистиясын жүргізуге тапсырма берді. Бұл – өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығару деген сөз. Тек адал салық төлеушілер үшін амнис­тия жарияланады. Мем­лекеттік кірістер департамен­тінің деректері бойынша, шамамен 600 шағын және орта бизнес субъектісі амнистияны қолдана алады, – деді Е.Тоғжанов.

Агроөнеркәсіптік секторды дамытуға мемлекет бөлген қа­ражат бірінші кезекте өңірді жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету көр­сеткішін арттыруға жол аш­пақ. Бұл үшін аймақтағы ауыл шаруашылығы басқармасы қа­жетті қаражатты облысқа бөлу бойынша министрлікпен тиісті жұмыстар жүргізуі қажет.

Мемлекет басшысы инновацияны дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Яғни, ең алдымен баламалы энергетиканы, жаңа материалдарды, биомедицинаны және басқа да бағыттарды ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет. Бұл ба­ғытта аймақта Батыр ауылында қуаты 2 Мвт күн электр стансасы пайдалануға беріліп, Маң­ғыстау және Түпқараған аудандарында жел және күн электр стансаларының құрылысы жүр­гізілуде. Сондай-ақ мұнай компаниялары инновациялық жобалар бойынша үлкен жұмыс­тарды қолға алуда. 

Аймақ басшысының айту­ын­ша, Маңғыстау облысы «7-20-25» бағдарламасымен қолда­нысқа берілген пәтерлер бойынша көш басында. 

Облыста 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке де­йінгі біліммен қамту 93,7% (2017 жылы 93,1%) құрайды. Жыл басынан 919 орындық 10 ба­ла­­бақша пайдалануға бе­ріл­ді. Жыл соңына дейін тағы 23 ны­сан пайдалануға беріледі. Нә­ти­жесінде көрсеткіш 97,1%-ке жет­пек. Сондай-ақ медицина­лық қызмет көрсету сапасын арт­­­тыру мәселесін шешу үшін өңір­де 1219 медицина қызмет­кері жалақыға үстемақы алады. Медицина саласын цифр­л­андыруға да ерекше көңіл бөлінуде.

Бүгінде Маңғыстау халқы­ның бұқаралық спорт түрлерімен және дене шынықтыруымен қамтылуы 29,6%-ті құрайды, бұл соңғы 3 жыл­­мен салыстырғанда 8 есеге көп.

– Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәйкес біз аймақ­тық деңгейде резервтер тауып, облыс тұрғындары үшін спортты қолжетімді етуге тиіспіз. Сон­­дай-ақ соңғы жылда 20-дан астам спорт алаңы мен 11 ірі спорт ны­саны жеке инвесторлар есе­бі­нен салынды. Биыл Ақтау қала­сында мұз айдынының, Бокс орта­лығының, Бейнеу, Маңғыстау және Сенек ауылдарында спорт ке­шендері­нің құрылысы басталды. Биылғы жылы Маңғыстау­да фут­болды да­мыту мақсатында жаңа футбол алаңы салынып, «Мұ­найшы» ­стадионы қайта жөн­деуден өтті, – деді өңір басшысы.

Өмір сүрудің қолайлы орта­сын құру мәселесі бойын­ша Пре­зи­дент халыққа Жолда­уын­да өңірлік және қалалық инфра­құры­лымды дамытуға ерекше назар аударды. Осылайша, жыл соңына қарай Маңғыстау ауыл­дық елді мекендерінің 69%-і не­месе ауыл халқының 89%-і орта­лықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақыт­та ауданаралық жол­дар­­дың көп­шілігінің жағда­йы жақ­сы, сондықтан ауылішілік жолдар­дың құрылысына қара­жат бөлінетін болады.

Елбасы Жолдауын іске асы­рудың басқа да аспектілерін қолдану туралы ойларымен қоғам белсенділері бөлісті. Туристік кластердің өкілі, демалыс базасының директоры Ұ.Ахметова «Биылғы жазда Маңғыстауға сапары кезінде, Президент Ақтау қаласы Түрік Анталиясына балама болуы тиіс деген тапсырма берді. Бүгінде Үкімет деңгейінде «Каспий те­ңізі жағалауындағы теңіз ку­рор­тын дамыту жөніндегі жол кар­тасы» қабылданды, оның не­гіз­гі бағыты Ақтау қала­сы­нан Құ­рық кентіне дейінгі жаға­жай айма­ғының инженерлік инфра­құрылымын салу», деп атап өтті. 

Басқосуда «Ақтау – таза қала» ЖШС директоры С.Пар­фе­нов, Ақтау қаласындағы На­зар­­баев Зияткерлік мектептері пе­да­гогикалық шеберлік орта­лы­ғының директоры Қ.Боран­бае­ва, білім саласының ардагері Т.Тұр­ғамбаев, өзге де бірқатар аза­маттар пікір білдіріп, Жол­дау­­ды әр салада жүзеге асыру бо­­йынша ой-пікірлерін ортаға салды. 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы