Руханият • 12 Қазан, 2018

Шетелдіктерді тамсандырған «Қазақ ауылы»

1115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде әлемнің Италия, Франция, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Голлан­дия сияқты 19 мемлеке­ті­нен келген туристер Жам­был өңірінің тарихи жерлерін аралап, олар­дың тарихымен танысуда. 

Шетелдіктерді тамсандырған «Қазақ ауылы»

Тіпті ортағасырлық Ақыр­тас кешені, аңызға толы Айша бибі кесенесі секілді тарихи нысандарға қызығушылық танытқандары да көп. Бұл ретте шетелдіктерге халқы­мыз­дың сан ғасырлық салт-дәстүрін насихаттау мақса­тында «Төрткүл» керуен са­­райында «Қазақ ауылы» этножобасы қолға алынды. Шетелдіктер аталған этно­­­жобамен, ұлтымыздың ұлы құн­дылықтарымен де та­ныс­­ты. Жиында Жамбыл об­лысы әкімінің кеңесшісі Ас­­лан Саржанұлы сөз алып, көне Тараз жерінде «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ ауылы» этножобасы тұңғыш рет ұйым­­дастырылып отыр­ға­нын, бұл өлкеде талай қайраткер дүниеге келіп, тәр­бие­лен­гендігін атап өтті.

«Қазақ ауылы» этножо­басы­ның ашылу салтанатында қазақ музыкалық және теат­р өнерінің фес­тивальдары, жергілікті қол­өнершілердің шеберлік дәрістері, ұлттық тағам­дар, қол­өнер және көр­кемөнер көр­мелері, эт­ностық музы­калық фестиваль­дар ұйым­дастырылды. Ал ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыс­тар халқымыздың ежелден ержүрек, батыр ел екенін шетелдіктердің алдында ай­ғақтап тұрғандай еді. Со­нымен қатар шетелдік туристер «Дәстүрлі аң аулау түрлері», «Ұлттық ойын­дар», «Ұлттық тағам», «Қазақ му­зы­калық-театр өнері» және «Қолөнершілер» секторлары­нан қазақ ұлтының өзіне тән ерекшелігін көріп, риза­шылығын білдірді. Жергілікті қолөнер ше­берлерінің қолы­нан шық­қан тұрмыстық бұйым­дарға да ерекше қызы­ғу­шылық танытты.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы