Қазақстан • 12 Қазан, 2018

Бүгін «Егемен академия» оқу-тәжірибелік жобасының екіншісі маусымы басталады

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін «Егемен академия» оқу-тәжірибелік жобасының екіншісі маусымы басталады

Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінің жас журналистерге арналған «Егемен академия» оқу-тәжірибелік жобасының екіншісі маусымы басталады.

Академияға журналистика саласына қызығушылық тудырған белсенді студенттер мен журналистер қатысады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, әлеуметтік желі қолданушылары сабақты онлайн тыңдауға мүмкіндік алады.

Алғашқы дәріс бүгін сағат 16.00-де «Egemen Qazaqstan» редакциясында басталады.

Естеріңізге сала кетсек, «Егемен академиясының» алғашқы маусымы ойдағыдай өткен еді және жоба қатысушылар мен медиақауым тарапынан үлкен қолдау тапты.

Оған қоса, алғашқы маусымда «Егемен академиясы» жобасының авторы Дархан Қыдырәлі дәріске белсене қатысып, қырағылығымен көзге түскен студенттерді Академияның сертификатымен марапаттаған болатын.