Станимир Стоилов: Латвия көрсетіп жүрген нәтижесіне сай команда емес

Латвия – Қазақстан құрамалары арасындағы ойын алдында құрама командамыздың бас бапкері Станимир Стоилов тілшілер сауалына жауап берді.

Егемен Қазақстан
12.10.2018 2461
2

- Дайындығымыз қарапайым күйде өтті. Футболшыларымыздың барлығы дайын. Ертең біз жақсы деңгейдің ойынын көре аламыз. Осыған дейінгі матчтарда біз жақсы ойын көрсеттік.

- Астанада өткен жаттығу жиындарында неге көңіл бөлдіңіз?

- Ең алдымен біз футболшылардың қайта қалыпқа келуіне көңіл бөлдік. Олардың басым бөлігі жексенбі мен бейсенбі күні матчтар өткізді. Капитан Шомконың кішігірім жарақаты болған, алайда ол ертеңгі ойынға дайын.

- Латвия құрамасы жайлы не айта аласыз? Олардың басым түсетін тұстары бар ма?

- Латвия өзінің көрсетіп жүрген нәтижелеріне сәйкес емес. Олар негізі жақсы көрсеткіш ала алатын команда. Олар қорықпай ойнайды. Латвия біздің лигада екінші себетте. Олар рейтинг бойынша бізден жоғары тұр. Бірақ, бір ғана матч жайлы айтып қарайтын болсақ, ойын тартысты әрі тең дәрежеде өтуі мүмкін.

- Латвия футболымен қандай да бір естеліктеріңіз бар ма?

- Юрмалада бір кездесу өткізгенім есімде. Бірақ, сол кезде менің шәкірттерім қарсыласты кішкене менсінбей шыққандай болды. Соның салдарынан Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өту сәл қиындау болды.

- Қазақстан чемпионатында «Ақжайық» үшін ойнайтын Карашаускас жайлы не айтасыз?

- Карашаускас жайлы білемін. Ол ішкі біріншілікте жақсы ойнап жүр. Латвиялық футболшылар комбинациялық ойын көрсетеді. Олар еуропалық мәнерде ойнайды.

- Қазақстан құрамасының ойыншылары түгелге дерлік ішкі біріншілікте ойнайды. Бұл Сіздің құрамаңызға қалай әсер етеді?

- Бұл сауалға бірнеше жауап бар. Ұлттық құрама деңгейінде бұл мәселе көп әсер етпеуі мүмкін. Егер құрама ойыны біркелкі, әрі ойыншылар бір-бірін жақсы түсініп тұрса. Екінші жағынан футболшылардың мықты біріншілікте ойнағаны ұлттық құрамаға жақсы. Себебі, ол ойыншылар команда ойынына өзінің көрген білгенін алып келері анық.

- Құраманың дені «Астана» мен «Қайраттың» ойыншылары. Олар бір-бірімен команда ішінде бөлініп жүрген жоқ па?

- «Астана» мен «Қайрат» ойыншылары құрамада бөлініп жүргенін байқамадым. Болгария құрамасын баптаған кезде де әртүрлі бәсекелес командалардың ойыншылары болған. Бірақ, олар құрамаға келген кезде барлығын ұмытады. Сол секілді біздің команда да екіге бөліну деген жоқ. Қазір, құрамада көптеген өзгерістер бар. Олар бөліну туралы ойлап та жүрген жоқ.

Ермұхамед МӘУЛЕН

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

16.02.2019

Бүгін Болгариядағы турнирде Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

16.02.2019

СІМ және «Атамекен» ҰКП инвестициялық және экспорттық бағыттағы жұмысты үйлестіруді күшейтуде

16.02.2019

WGS төрағасы: Үкіметтер өздерінің бизнес-модельдерін қайта ойлап табуы керек

16.02.2019

Ресей сауда алаңдарында қазақстандық компаниялардың белсенділігі артты

16.02.2019

Алматыда «Қазақстан университеттері халықаралық аренада» тақырыбында семинар өтті

16.02.2019

Майдангер-жазушы Леонид Гирш 95 жасқа толды

16.02.2019

Алматыда студенттер арасында «IITU Robocon 2019» роботехника чемпионаты өтті

16.02.2019

Павлодарда «Қаһармандар» республикалық қоғамдық қорының филиалы ашылмақ

16.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу