Аймақтар • 13 Қазан, 2018

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының белсенді жастарымен жүздесті

591 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жуырдағы Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Ақтөбе облысы Жолдауды жүзеге асыру шараларының жоспарын әзірлеуге кірісіп кетті. Жоспар жас ұрпақ өкілдерінің мүдделерін ескере отыра жасалуда. 12 қазан, жұма күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі неғұрлым белсендірек жастардың пікірлері мен тілектерін тыңдады.

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының белсенді жастарымен жүздесті

Кездесуге облыс басшысымен қоса 55 адам қатысты. Олар – Назарбаев интеллектуалды мектебі мен жетекші мамандандырылған мектеп-интернаттардың оқушылары, еріктілер, спортшылар, жас журналистер, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері.

- Сіздерге және сіздердің құрдастарыңыз үшін ел Президентінің бастамасымен 2019 жылы жеке басыңыздың өсуіне, сіздердің туған халқыңыз бен туған еліңіздің гүлденуіне өздеріңіз үлес қосуларыңыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады. Әрқайсысымыз мемлекет басшысының бастамасына, ең алдымен, гүлденген, заманауи, мықты мемлекеттің азаматы болу үшін, өзіміз үшін кірісуіміз керек», - деді кездесудің ашылуында Бердібек Сапарбаев.

Белсенділер облыс әкімімен әңгіме кезінде облыс аудандарында ағылшын тілінің әлеуметтік мектептерін ашу, еріктілер қозғалысын күшейту, жастар үшін мобильді қосымша әзірлеу немесе олимиада қатысушылары үшін жазғы мектептер ашу сынды бірнеше тәжірибелік жобаларды ұсынды.

Жүздесуді түйіндеген облыс әкімі кездесу кезінде көтерілген барлық сұрақтардың өзекті және маңызы зор екенін атап өтті.

- Сіздердің бүгінгі ұсыныстарыңыз – маңызды әрі қызықты. Жастар қашанда батыл әрі серпінді идеялардың генераторы болған. Және бүгін бізге сіздердің белсенділіктеріңіз қажет. Оқу орындарында, жұмыста құрдастарыңызбен оларды не қызықтыратыны және не толғандыратыны жайында тілдесіңіздер. Олардың айтқандарын жинап, жастар ісі жөніндегі басқармаға жіберіңіздер. Бұл мекеме бәрін сараптап, біріктіреді. Барлық өзекті идеялар қараша айында әзірленетін Жастар жылы жоспарының іс-шараларына енгізіледі,-деді Бердібек Сапарбаев сұхбаттасушыларына қарата айтқан сөзінде.

Бүгінде жоспарға жастар арасындағы кәсіби бағдарлау жұмысы, Назарбаев интеллектуалды мектебінің тәжірибесін өзге оқу орындарына тарату, ірі және орта кәсіпорындарда жастар бірлестіктерін құру шараларының кең шоғыры кіретіні белгілі.

Айта кету керек, Ақтөбе облысындағы Жастар жылы «Бақытты бала» өңірлік жобасының жалғасы болмақ. Осы жылдың басынан бері аталмыш жоба аясында 100 мыңнан аса балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен 3 300-ден астам шаралар жүзеге асырылды. Облыс бойынша 23 ІТ-сынып ашылып, білім беру, мәдениет және спорт нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайды. 177 жаңа спорт және ойын алаңдары құрылды. Мыңдаған жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың тұрғын үй жинақ есепшоттары 80 млн теңгеге толығып, 81 жетім балаға жаңа пәтерлер мен үйлердің кілттері табыс етілді. Осының барлығы «Бақытты бала» жобасы аясында жүзеге асырылған игі істердің бір бөлігі ғана.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше