Үкімет • 13 Қазан, 2018

ІІМ полицияны жаңғырту жөніндегі жол картасын әзірлеуге кірісті

670 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Министр Қалмұханбет Қасымов ІІМ-нің алқа мәжілісін өткізді. Онда Мемлекет басшысының 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы талаптарының аясында ішкі істер органдарының міндеттері қаралды, сондай-ақ 2018 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы жасалды.

ІІМ полицияны жаңғырту жөніндегі жол картасын әзірлеуге кірісті

Жолдауды іске асыру үшін министрлік Президент Әкімшілігінің басшылығымен қазақстандық полицияны жаңғырту жөніндегі Жол картасын әзірлеуді бастады.

Жол картасында ІІМ-нің штаттық санын оңтайландыру, басқарушылық буынды қысқарту, полицияны оған тән емес функциялардан арылту жоспарлануда. Полицияны бағалау өлшемдері түбегейлі өзгертіліп, қоғамның сенім деңгейі мен халықтың қауіпсіздігін арттыруға бағытталады.

Сондай-ақ, Қ. Қасымов ішкі істер органдарының жұмысын сервистік үлгіге ауыстыруды көздейтін халықпен жұмыс істеудің заманауи форматтарын енгізілетіні, кадрді іріктеу жүйесінен бастап, орналастыруға және қызмет бабында жоғарылату бойынша полицияның жаңа стандарттары бекітілетіні, ведомстволық білім беру жүйесінің түбегейлі өзгертілетіні туралы хабарлады.

Жалпы республика бойынша ағымдағы жылдың 9 айында қылмыс саны 9% ( 20,7 мың.) қысқарды. Қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қарақшылық, тонау, бұзақылық қылмыстары, бұрын сотталғандар, мас болып қылмыс жасау және кәмелетке толмағнадардың қылмысы төмендеді.

Қ.Қасымов өңірлерде қылмысқа қарсы күресті және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды. Бұл ретте қылмыстың басым бөлігін құрайтын ұрлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Жедел басқару орталықтарының жұмысын жақсарту, құқықтық тәртіпті қорғауды және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кезекші бөлімдердің полицияның күш-құралдарын басқаруды жақсарту мәселелері талқыланды.

ІІМ-нің алқа мәжілісінде министрліктің орталық аппараты қызметтерінің және өңірлік департаменттердің басшыларына ішкі істер органдары қызметінің басқа да бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше