Спорт • 13 Қазан, 2018

Арыстанбек Мұхамедиұлы ескек есуші Диас Бахраддинді құттықтады

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ескек есуші Диас Бахраддинді Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында алтын медаль Диаса Бахраддинді құттықтады.

Арыстанбек Мұхамедиұлы ескек есуші Диас Бахраддинді құттықтады

«Тәуелсіз Қазақстанның спорт тарихында ескек есуден тарихи жеңіс орын алып отыр. Небәрі 16 жасыңызда Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында алтын медаль алдыңыз. Сіздің спорттық мансабыңызда бұл алғашқы жарқын жеңіс. Мен Сізден Олимпиада ойындарында тағы да жарқын жеңістер күтемін.

Бұл жеңісіңіз Сіздің ерік-жігеріңіздің мықтылығын, кәсіби даярлығыңыздың жоғары екендігін дәлелдеді. Бүкіл әлем халқының алдында Қазақ елінің әнұранын көкте шарықтату арқылы, соңыңыздан еріп келе жатқан спортшылардың жүрегіне жеңіске деген сенім ұялаттыңыз. Сіздей қазақтың дара ұлдары барда, ел спорты қарыштап дамитынына сенімдімін.

Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, болашақта үлкен жеңістер тілеймін»- делінген құттықтау хатында.

Естеріңізге салайық, Диас Бахраддин 1:54:66 көрсеткішімен, өзбек спортшысынан басым түсіп, бірінші орын алған болатын. Бұған дейін ескек есуші Стелла Суханова қола медаль алған болатын.

Бүгінде Ұлттық құрама қоржынында төрт медаль. Дзюдошы Бекарыс Сәдуақас алтын медаль, Маргарита гриценко күміс медаль алған болатын.

Айта кетейік, III Жазғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындары Буэнос –Айрес қаласында қазанның 6 - 18 аралығында өтіп жатыр. Ел намысын 22 спорт түрі бойынша 57 спортшы қорғауда.