Үкімет • 13 Қазан, 2018

Қазақстан-Македон өзара іс-қимылының жаңа перспективалары айқындалды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада сыртқы саяси ведомстволар басшылары орынбасарларының деңгейінде Қазақстан-Македон саяси консультациялары өтті.

Қазақстан-Македон өзара іс-қимылының жаңа перспективалары айқындалды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және оның македондық әріптесі Андрей Жерновский экономикалық дипломатия мен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылға басымдық бере отырып көпжақты ынтымақтастықты тереңдету және саяси саладағы әріптестіктің өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында тараптар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстан қызметінің өзекті мәселелері, МАГАТЭ алаңындағы өзара іс-қимыл, Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі Астана процесі, Орталық Азия мен Балкан өңірі арасындағы перспективалық өзара іс-қимылдар бойынша пікір алмасты.

Тараптар Алматыда Македония құрметті консулдығының ашылуын жоғары бағалады.

«Біздің мемлекеттеріміз арасында қандай да бір саяси және өзге де сипаттағы келіспеушілік жоқ – бұл өз кезегінде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру мен кеңейтуге қолайлы алғышарттар қалыптастырады», – деді Р. Василенко.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше