Футбол • 13 Қазан, 2018

Латвия - Қазақстан. Фоторепортаж

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттар лигасының аясында өтетін Латвия - Қазақстан ойыны алдында "Егемен Қазақстан" тілшісі арнайы фоторепортаж ұсынады. 

Латвия - Қазақстан. Фоторепортаж

Осыған дейін Қазақстан құрамасы Латвиямен 5 мәрте кездескен еді. Екі мәрте жеңіліп, екі рет тең түстік. Ал соңғы 5-ойында отандастарымыз жеңіске жеткен еді. Міне, содан бері арада үш жыл өтті. Енді екі команда арасындағы  -шы ойын қалай болар екен. Әзірге Латвия астанасы Рига қаласында аса қатты футбол атмосферасы сезілмейді. Стадион "Даугава" деген өзеннің атын алған. Қала көне тарихи ғимараттардан тұрады. Олардың басым бөлігі өткен ғасырдың басында тұрғызылған. Ірге көтерген жаңа үйлер некен-саяқ.