14 Қазан, 2018

14 қазанға арналған ауа райы болжамы

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз, жауын-шашынды  ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.

14 қазанға арналған ауа райы болжамы

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейіп, түнде екпіні секундына 23-28 метр болуы күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде секундына 15-23 метр жел күшейеді.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, секундына 15-20 метр жел күшейеді, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Павлодар, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метр болады, Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ. Түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.