Қазақстан • 15 Қазан, 2018

Ереванда ТМД ғалымдарының ІІ форумы өтеді

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-16 қазан күндері Ереван қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ғалымдарының ІІ форумы өтеді, деп хабарлайды ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.

Ереванда ТМД ғалымдарының ІІ форумы өтеді

Форум ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтпек. Ғылыми шараның басты ұйымдастырушылары - Армения Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Ғылым және білім министрлігі.

«Форумды өткізудегі басты мақсат - ТМД елдерінің ғылыми-техникалық ынтымақтастығын жандандыру және дамыту, бірлескен зерттеулер жүргізуге жаңа серпін беру, елдердің инновациялық саясатын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ жастар арасында ғылым мен ғылыми қызметті насихаттау», - дейді ТМД Атқару комитетінің қызметкерлері.

Жалпы отырыстан тыс, форум аясында «Іргелі ғылымның қазіргі ахуалы және даму перспективалары», «Цифрлық кезеңдегі ғылыми ынтымақтастықты жетілдіру», «Инновациялық ғылыми зерттеулер» тақырыптарында дөңгелек үстелдер өтеді.