Аймақтар • 15 Қазан, 2018

Павлодарда құрылысы ұзаққа созылған 25 нысан анықталды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында  қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мәліметінше, бұл күндері құрылысы тоқтап қалған нысан иелерімен жұмыс жүргізілуде.

Павлодарда құрылысы ұзаққа созылған 25 нысан анықталды

Құрылысы ұзаққа созылған 25 нысанның 23-інің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4,3 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі. Нысандардың 4-і мемлекеттік меншікке қайтарылса, 4 нысанда құрылыс жұмыстары басталыпты.

Қалалық әкімдік  облыс орталығындағы орталық көше Тәуелсіздік даңғылы, 89/4, 89/5 мекенжайында орналасқан ғимараттар- енді жарқырған сауда үйлеріне айналады деп сендіреді.

Мысалы, 2004 жылы облыс орталығында өмірбақи бас бостандығынан айрылғандарға арналған 1500 орындық колония құрылысы басталған-ды.  Қазір түрмеге сұраныс жоқ деген себеппен 2008 құрылыс  тоқтатылады. Бітпеген құрылыс қалалық әкімдіктің балансына беріледі. Жекешелендіру бағдарламасы аясында сатылымға шығатын нысандар тізіміне алыныпты. Құны-3 млрд 800 миллион теңгеге жеткен.

Сұраныс  болмаса,неге құрылыс бастаған?  Жауапкершілік кімде?  Сонымен бірге, «Сарыарқа» шағын ауданында салынып жатқан №27 тұрғын үйдің құрылысы да қазір құрылысы тоқтап тұр. Жалпы, бұл шағын ауданында жыл соңына дейін 8 тұрғын үйдің берілуін  тұрғындар асыға күтуде.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар