Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында сенаторлар Атырау қаласындағы Бизнес және құқық колледжінің ұстаздар қауымымен және студенттерімен кездесті.
Ғ.Дүйсембаев өз сөзінде Жолдаудың маңызды аспектілеріне кеңінен тоқталды. Депутат жоғары білім беру жүйесінде мамандарды даярлау мен оқу орындарындағы білім сапасына қойылатын талаптардың күшейтілетінін атап өтті. Оқу бітіргеннен кейін түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші жоғарғы оқу орындарын бағалаудың негізгі шарты болмақ.