Аймақтар • 16 Қазан, 2018

Түркістан облысында бюджеттік мекемелерге жылу берілуде

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстағы 2830 бюджеттік мекеменің барлығы, яғни 100 пайызы қысқы маусымға дайын. Оның ішінде білім саласында – 1289, денсаулық сақтау саласында  – 788, әлеуметтік  салада – 753  мекеме.

Түркістан облысында бюджеттік мекемелерге жылу берілуде

Бұл жөнінде Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті.  Облыс бойынша жеке тұрғындардың көмір отынына деген жалпы қажеттілігі –  902 мың тонна болса,  темір  жол станцияларындағы  қоймаларға тасымалданғаны – 689,1 мың тонна. Басқарма басшысының мәлімдеуінше, облыстағы  орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үйлердің саны – 544,   олар жылу  беру маусымына дайын. Сондай-ақ бюджеттік мекемелерге қажетті 169,1 мың тонна көмір толық тасымалданған. Ал облыстағы темір жол станциясы қоймаларындағы 1 тонна  көмірдің бағасына келсек,  «Шұбаркөл» көмірі – 14-15  мың теңге,  «Ботақара» көмірі – 10-11 мың теңге көлемінде.  Облыстың солтүстік және таулы аймақтарында атап айтқанда, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандарында 15 қазаннан бастап жылу берілуде.

Айта кетелік, үшінші мегаполис Шымкент қаласында жылу жылдағы жоспардан ерте беріле бастады. Қала әкімдігінің хабарлауынша, дүйсенбіден яғни, 15 қазаннан бастап бюджеттік ұйымдарға жылу берілген, ал көпқабатты үйлерге жылу 20 қазаннан бастап қосылады.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар