Таным • 16 Қазан, 2018

Кашемирді күтіп киіңіз

1432 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ерекше жұмсақтығымен әйгіленетін кашемирден тігілген киімдер көрнекілігінен бөлек өте ыңғайлы келеді. Қаншама ғасыр бойы сәннен де, қолданыстан да түспей келе жатқан кашемир матасының тарихы әріде жатыр.

Кашемирді күтіп киіңіз

Алғаш Үндістанның Кашмир ауданында өндірілуіне байланысты мата кашемир аталып, кең қолданысқа енген. Тіпті орта ғасырларда Еуропада ерекше бағаланғандығы сондай, ақсүйек өкілдерінің ғана қолы жететін бұйым саналған деседі. Әсіресе мал шаруашылығымен айналысқан көшпенді халық үшін жаттығы жоқ, етене таныс.

Ресейлік сән индустриясының озық топтамалары ұсынылған Астанадағы апталықта бүгін­гінің арулары үшін де сәннен түс­пей отырғанын көзіміз көрді. Кашемирден тоқылған киім­­­­­­де­рімен талай жерде топ жа­рып жүрген ресейлік фабрика соңғы сәнмен тігілген киім үл­гілерін таныстырды. Атал­ған компанияның өкілі Люд­ми­ла Лозовик бізге кашемир өн­дірісі мен матаны күтіп, сақ­таудың жол­дары туралы кеңі­нен әң­гі­мелеп берді. 

Оның айтуынша, бір ешкіден бар болғаны 100 грамм түбіт қана алынатын көрінеді. Ал бір жем­пір тоқу үшін кемі бір кило түбіт керек болса, пальто тоқу үшін 1 жарым килодан көп түбіт қажет. Ал үстіңіздегі сәнді киім үшін неше ешкінің жүні қырқылғанын өзіңіз елес­тете беріңіз. 

Жылылығы өте жоғары

Жүн кез келген жануардан алына беруі мүмкін. Ал кашемир Моңғолия жерін мекендейтін ешкі жүнінен түтіледі. Мұндай ешкілердің саны көп те емес. Өйткені Цельсий шкаласымен жазда +40, қыста -50 градусқа дейін төмендейтін қатал таби­ғатта өсіп жетілген ешкі жүні ерекше қасиетке ие болады. Яғни ұзындығы 5 мм, жуандығы 14 микрон болатын түбіттің тер­мия­­лық қорғанысы берік келеді. Кашемир әдеттегі жүн ма­талар­дан 8 есе жылы болады. Қазіргі уа­қытта кашемир матала­ры Моң­­ғолияда, Қытайда, Үндіс­тан­­да, Италияда өндіріледі.

Кашемир маталары неліктен қымбат?

Бір ешкінің жүнінен ұзағанда 200 грамм ғана түбіт алуға болады. Одан бөлек түбітті түтудің арнаулы тәсілі бар. Матаны күтіп киюдің, ақтаудың, жуудың да өз бабы болғандықтан қымбатқа түседі. Сапасы мен салмағы да кашемирдің бағасын анықтауда үлкен маңызға ие. Бұрын кашемир сатып алып көрмегендер сапалы мата таңдауда алданып қалуы да мүмкін. Сондықтан нарықта аты шыққан танымал брендтерге сенім артқан жөн.

Кашемирден тігілген киім ыс­тықтатпайды да, тоңдыр­май­­ды. Әсіресе жаздың салқын кештерінде жұқа кашемир па­лан­тинді оранып алсаңыз, одан ар­тығы жоқ. Мысалы, каше­мир орамалын иығынан тас­тамайтын Анджелина Джо­лиды айтуға болады.

2018-2019 жылғы сән үлгісі

Біздің тұтынушыларымыз три­котажды ерекше жақсы кө­реді. Қазір қозғалыс көп болған­дықтан, көп жағдайда жайлылық үшін кэжуал стиліндегі киім үл­гілерін шығарамыз. Бұл кез кел­ген жастағы аруларымыз үшін өте ыңғайлы.

Биыл тік, еркін үлгідегі ашық, суық түсті кашемир пальтолар сәнде. Аксессуар таңдауда да өзін­дік ерекшеліктерін назарда ұс­таған жөн. Мысалы, табиғи сұр түсті пальтоға қызыл-сары түс­­ті мойынорағыш үйлесімді келе­ді. Ұзын қонышты, өкшесі биік аяқ киімдер бойыңызды тіктеп, сымбатыңызды айшық­тай түскен болар еді. Ақ, қара түс аксессуар талғамайды. Ақ түсті паль­тоны қанық түстермен үй­­лес­тіруге болады, мысалы, ақ мойын­ора­ғыш, қызыл бәтең­ке. Жал­пы пальто таңдарда сти­лінен бұрын, жарасымды түсті өңіңізге сай таңдаған дұрыс. Әдеттегі клас­сикалық түстерден гөрі қызыл, күлгін, сиякөк түс­тердің сұра­нысы артып тұр.

Қалай күтім жасаған жөн?

Кашемирді суық суға арнайы матаға арналған сұйықтықпен жуу керек. Болмай жатқан күнде балаларға арналған сусабын да жарап қалады. Онда да қара күшке салмай, еппен жумаса матаны бүлдіріп алуыңыз оңай. Сабынынан әбден арылтып, жақсылап шаю қажет. Ма­таны жылыту батареяларына қойып, фенмен кептіруге бол­майды. Созылып кетпес үшін жайып кептірген дұрыс сана­лады. Ыстық емес, жылы үтікпен үтіктеу керек, ең абзалы бу үтіктері. Күтіп киген каше­мир жылдар бойы өңін жоғалтпай жақсы сақталады, тіпті, өзіңізден кейін мұраға қал­­­дыруға болады. Артыңыздан ер­ген ұрпағыңыздың «әжемнен қалған шәлі еді» деп жамылып жүр­геніне не жетер?!

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше