Бизнес • 16 Қазан, 2018

Аралда пластикалық қайық жасалады

1379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының бастамасымен қолға алынған «САРАТС» жобасы балық өндірісін өркендетуге үлкен серпін берді деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

Аралда пластикалық қайық жасалады

Бүгінде Аралдың экспорттық әлеуеті күшейіп келеді. ТМД және Еуропа нарығына шыққан көксерке сүзесі, қатырылған және тоңазытылған торта, табан балықтарға соңғы уақыттары Қытай мемлекеті де сұраныс бере бастады. Облыста іске қосылған 10 тауарлы балық шаруашылығы азаматтарға жақсы табыс көзі болып отыр.

Биыл Арал қаласының индустриялық аймағында «Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС-ның «Балықты тереңдеп өңдеу және пластикалық қайық жасау» цехының жобасы жүзеге асырылып жатыр. Аталған нысан жыл аяғына дейін іске қосылады.

Жаңа зауыт толық қуатында жұмыс жасағанда жылына 4000 тонна балық және 50 қайық шығаруға мүмкіндігі бар.

Серіктестік балық өңдеуден бөлек, қайық құрастыру цехын салуды жоспарлап отыр. Бұған дейін шетелдің қымбат қайығымен амалдап келген балықшылардың арзан да сапалы өз қайығы болады.

 

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше