Аймақтар • 17 Қазан, 2018

Зауытты көбейтуге зауық жоқ па?

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Динар Нөкетаева, Төлеубек Мұқашев және Дулат Құсдәулетов Алматы қаласында жұмыс сапарымен болып, Елбасының Жолдауын түсіндіру мақсатында Алматы ауыр машина жасау зауыты­ның еңбек ұжымымен кездесті. 

Зауытты көбейтуге зауық жоқ па?

Сенаторлар зауыт ішін ара­лап, жүргізіліп жатқан жұ­мыс­тарды көріп, шешімін таппай жатқан кейбір мәселе­лер­ді Үкіметтік деңгейде көте­ре­тін­дерін жеткізді.
– Біздің мұнда келудегі не­гізгі мақсатымыз – отандық өндірісті қолдау, сондай-ақ кә­сіп­орын басшыларымен тіл­десіп, қандай өзекті мә­се­лелері барын білу. Кейбір ше­неуніктер мұндай өндіріс орындарына келмейді. Ал біздің кәсіпкерлер кафе-бар, мейрамхана, қонақ­үйлер салуға әуес. Жастарымыз аз ақшаға даяшы, күзетші, көлік жуушы болып жұмыс істеп жүр. Одан да біз отандық өндірісімізді қолдап, қолдан келгенше көмектесіп, жастарды осында жұмысқа тар­туға үгіттеуіміз керек, – де­ді Се­нат депутаты Төлеубек Мұқашев. 
Құю цехында істей­тін жұ­мыс­шылардың орташа жала­қысы 364 000 теңгені құрайды екен. Зауытта 870 адам жұмыс істейді.
Сенаторлар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және отан­дық ұлттық киім үлгілерін шығара­тын «Ерке-Нұр» кәсіпорнында да болды.

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ