Парламент • 17 Қазан, 2018

«Парасат» цифрлы хабында болды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Жеңіс Нұрғалиев пен Серік Бектұрғанов А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде биыл құрылған «Парасат» цифрлы хабында болып, студенттермен кездесті. 

«Парасат» цифрлы хабында болды

– Біздің өңір ауыл шаруа­шылығын ­цифрландыру бо­­йынша қанатқақты облыс бол­ғандықтан, оның жүзеге асуына білім ордалары да үлес қосуы тиіс. Хабта қазірдің өзін де бес цифрландыру технологиясы бар. Ал ауылда мал өсіріп, егін еккендер ­цифрландыру туралы керекті ақпарат іздесе осында келеді. Бұл университетіміздің де жетістігі деп білеміз, – деді уни­верситет ректоры Хұсейін Валеев. 

Сенаторлар орталықта Ел­басы Нұрсұлтан Назар­баев­тың биылғы «Қазақ­стандықтар­дың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс ­сапасын арттыру» Жолдауындағы басым­дықтар жөнінде әңгіме өрбітті. Мәселен, Серік Бек­тұрғанов Жол­дау­дағы жалақы­ның өсуі жөніндегі тапсыр­­ма­ларға тоқталды. Сондай-ақ ол халықтың әл-ауқатын нығай­ту үшін елімізде эконо­ми­каны дамыту, озық техно­логияларды енгізу бағытында атқарылып жатқан істерге шолу жасады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ