Өнер • 17 Қазан, 2018

Дарындылар топ жарды

853 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі жас жеткін­шектердің ән, күй, би өнерін өрге оздыру мақсатында республикалық «Дарындар әлемі» өнер жобасы 2016 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер арасында байқауын өткізіп келеді.  

Дарындылар топ жарды

Жоба мақсаты – жас дарынды балалардың шығармашылығын қолдау және насихаттау арқылы дәстүрлі ән, күй, би өнерлерін кәсіби дең­гейде орындауға мүм­кіндік жасау. 

Өнерлі жеткіншектердің өрелі өнерлерін балалар мен жасөс­пірімдер арасында кеңінен насихаттау барысында «Дарындар әлемі» өнер жобасының ұйым­дастыруымен 2018 жыл­дың 14 қазанында Астанадағы «ҚазМедиа орта­лығының» концерт залында II халықаралық ба­лалар мен жасөспірімдер өнер байқауы болып, 30-ға жуық би ұжымдары қатысқан тартысты өнер додасы өтті. Оған еліміздің әр шал­ғайы мен Павлодар, Талдықорған, Қы­зыл­орда, Қарағанды, Екібастұз қалаларынан биші өнер­паздар қатысып бағын сынады.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлделерді 3-6 жас аралығында Астанадан қатыс­қан «Еркем-ай» би ансамблі мен Қызыл­ордадан атсалысқан «Сыр жұлдызы» бишілер тобы иеленсе, 7-11 жас аралығындағы өнер­паз­дар арасынан Талдықорған қаласынан қатыс­қан «Горец» би ансамблі жеңімпаз болып, бас жүлдені қанжығаларына байлады.

Берік САДЫР,

«Егемен Қазақстан»