Президент сарайы алдындағы алаңда екі мемлекеттің әнұрандары ойналып, ресми делегацияларды таныстыру рәсімі өтті. Мұнан соң Нұрсұлтан Назарбаевқа Құрметті қарауыл ротасы таныстырылды. Ресми шарт бойынша Финляндия президенті Қазақстан делегациясымен де танысып шықты.
Енді екі мемлекет басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, технологиялық және инвестициялық салалардағы өзара ықпалдастықты нығайту жолдарын қарастырады.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндия Республикасына келді.
Серік ӘДБІБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Хельсинки (Финляндия)