Медицина • 18 Қазан, 2018

«Ақсу – Курчатов» тас жолының 24 шақырымы жөнделіп бітті

411 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодар облысында «Ленин – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов» автомобиль жолы учаскесінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. BI Road Construction компания­сы аталған жолдың 80-99 және 115-120 шақырымдар  аралығын толығымен қалпына келтірді. 

«Ақсу – Курчатов» тас жолының 24 шақырымы жөнделіп бітті

Сөйтіп, Павлодар облысының Май ауда­нында жөнделген бұл жолдардың жалпы ұзындығы 24 шақырымды құрады. Жөндеу жұмыстарынан кейін жол ұсақ түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жетілдірілген жабыны бар, ені 7 метрлік III санатты жол болып шыға келді. Өткен жылдың мамыр айында басталған жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімінен 2 ай бұрын аяқталды. 

«Біз автожолдар облыс және жергілікті жүк және жолаушылар тасымалы үшін үлкен маңызға ие екенін түсіндік. Сондықтан да барлық жұмысты мүмкіндігінше ертерек аяқтауға бар күшімізді салдық», дейді АБК-Автодор НС дивизионы Павлодар филиалының жетекшісі Азамат Бірсейітов. 

Құрылысшылар сапа мен нормативтерді қатаң бақылайтын жеке зертхананы пайдалана отырып, жолды анағұрлым сапалы етуге мүмкіндік берген технологияны қолданды. Оның мәні тас көмірдің күлінде болып табылады. Ол цементпен, топырақпен және қиыршық таспен бірге жолдың бірінші және қосымша қабаттарына салынған. 

Аға зертханашы Құрбанбек Өмірзақов: «Күлді Екібастұз МАЭС-1-ден жеткіздік. Осылайша, оның өндірісінің қалдықтары технологияның арқасында екінші рет пайдаланылып, игі іске жаратылды. Біз цементті негізінен жол қысқа уақытқа болса да берік болсын деп қосамыз, ал күл уақыт өте келе қатаяды, демек, уақыт өткен сайын жол қабаттары беки түсетін болады. Жергілікті топырақта саздақ көп, ал қосымша беріктілік бізге еш артықшылық етпейді» дейді. 

Қалған инертті материалдар Майқайың ауылынан әкелініпті. Учаске бастығы Нұр­дәулет Қасеновтің айтуынша, жоба 93 қол және 40 бірлік техника күшімен жүзеге асыры­лған.

Учаскені қайта жөндеу – бұл тек жол төсемін салу ғана емес, сонымен қатар су өткізу құбырларын, жолдың жанасулары мен автобус аялдамаларын салу секілді қосалқы жұмыстардан да тұрады. 

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы