Аймақтар • 18 Қазан, 2018

«Бөбек» орталығында «Сүйіспеншілік сабағы» өтті

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Алматыдағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы, «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева «"Сүйіспеншілік сабағын" өткізді.

«Бөбек» орталығында «Сүйіспеншілік сабағы» өтті

«Сүйіспеншілік сабақтары»  – бұл Сара Назарбаеваның педагогтар, оқушылар және түлектермен дәстүрлі кездесуі. Бұл жолы аталған шараға еліміздің барлық аймақтарынан келіп, «Бөбек» орталығында «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарында білім алып жатқан ұстаздар қатысты. Бағдарлама авторы педагогтармен қазіргі кездегі әлемдегі рухани және адамгершілік құндылықтары туралы айта келе, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы мұғалімдердің атқаратын рөлінің маңыздылығына тоқталып, адамның шынайы бақыты туралы өзінің ой-пікірімен бөлісті.

Әр нәресте шыр етіп, дүниеге келгенде, оның келешегі мен тағдыры пешенесіне жазылады. Ал менің маңдайыма ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға жебеу болу жазылған екен, – дейді Сара Алпысқызы. 

Сондай-ақ, Сара Назарбаева ханым еліміздегі балалардың мүддесін барынша жоғары қоюмен қатар, жас ұрпақтың тағдырын рухани-адамгершілікпен сабақтастырып, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлеудің қажеттігі жайында да тартымды әңгіменің тиегін ағытты.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ