Әлем • 18 Қазан, 2018

Ресей мен Моңғолия арасында әскери серіктестік түзілді

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Моңғолия мен Ресей қорғаныс министрліктері әскери серіктестік бағдарламасын бекітті, деп хабарлайды Euronews.

Ресей мен Моңғолия арасында әскери серіктестік түзілді

Ұланбатырдағы жиынға қорғаныс ведомстволарының басшылары Сергей Шойгу мен Нямаагийн Энхболд қатысты.

Бұған дейін Шойгу Ресейдің Моңғолиямен әскери серіктестігін өркендетпек жоспарымен бөліскен болатын. Серіктестік оқу-жаттығу тәжірибелері мен әскери білім беру шараларының аясын кеңейтуге негізделген. «Моңғолияның Ресей Федерациясымен әскери қарым-қатынасын сыртқы саясаттағы маңызды шаралардың бірі деп қарастыруы біз үшін маңызды. Әскери техникалық, әскери қарым-қатынастағы тәжірибемізбен бөлісуге тырысамыз», деді Сергей Шойгу. Ресей қорғаныс министрі Моңғолияға мемлекеттер арасындағы әскери қарым-қатынас мәселелерін талқылауға келген болатын. Кездесу барысында Ресей қорғаныс министрлігінің атынан Моңғолияға әскер жарақтарын табыстау жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар