Президент • 18 Қазан, 2018

Мемлекет басшысы Бельгия Королі Филиппен кездесті

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бельгияның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Бельгия Королі Филиппен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Бельгияны әуелден өзара түсіністік пен құрметке негізделген достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.