Мемлекет басшысы Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездесті

Егемен Қазақстан
18.10.2018 3703
3333
2222
2222
2222
2222
2222
2222

Нұрсұлтан Назарбаев кездесуге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Еуропа елдері Қазақстанның сауда-экономика және инвестиция салаларындағы маңызды серіктестері саналатынын атап өтті.

– Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға Еуропадан 180 миллиард АҚШ долларынан астам тікелей инвестиция тартылды. Біз Еуропа қайта құру және даму банкімен тығыз ынтымақтастық орнаттық. Осы жылдар ішінде бұл банк жалпы құны 7 миллиард еуродан асатын жобаларды қаржыландырды, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары Еуропа елдерімен тауар айналымы тұрақты түрде өсіп келе жатқанын айтып, Қазақстанда Еуропа капиталының қатысуымен түрлі салаларда 3 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті.

– Біздің серіктестеріміздің қатарында «Альстом», «Линде Груп», «Эр Ликид», «Данон», «Викат», «Хайдельбергцемент» сияқты ірі компаниялар бар. Бұлар жемісті жұмыс жүргізіп, заманауи өндірістер құруда, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашып, табыс табуда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Еуропа өнімдерінің тұтыну нарығын кеңейту аясында бизнесмендерге еліміздің географиялық жағдайының артықшылықтары туралы айтты.

– Қазақстан арқылы Қытай мен Азияның басқа елдерін Ресей, Каспий теңізі және Қара теңіз, сондай-ақ Иран мен Түркия арқылы Еуропамен байланыстыратын 5 темір жол және 6 автомобиль жолы өтеді. Енді Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға және кері қарай жөнелтілетін жүк тасымалы теңіз жолына қарағанда 4 есе қысқарады, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар туғызу мәселелеріне ерекше тоқталды.

– Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Инвестициялар жөніндегі комитетінің қауымдастырылған мүшесі саналады және Халықаралық инвестициялар жөніндегі декларацияға қосылды. Біздің елімізде Президент жанындағы Шетел инвесторларының кеңесі жұмыс істейді. Оған мүше болып отырған 33 шетелдік компанияның 13-і – Еуропа өкілдері. Бізде 66 елдің, соның ішінде Еуропаның 33 елінің азаматтары үшін визасыз режім енгізілді, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы экономика саласын цифрландыру мен инновациялық экожүйені дамытудың маңыздылығын атап өтіп, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.

– Біздің елде Назарбаев Университеті және Инновациялық технологиялар паркі сияқты инновациялық кластерлер жұмыс істеуде. Биыл Астанада ІТ-стартаптардың жаңа «Астана Хаб» халықаралық технопаркі іске қосылады. Оны әлемнің ІТ-кәсіпкерлері мен инвесторларын тартатын тұтас инфрақұрылымға айналдыру көзделіп отыр. Технопарк жұмысына қатысушылар жеңілдетілген виза мен еңбек режімдерін пайдалана алады, сондай-ақ оларға салық жеңілдіктері де ұсынылатын болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның ірі компанияларының ІРО-ға шығуы және мемлекет-жекеменшік серіктестік аясында ынтымақтасуы тұрғысынан еуропалық инвесторлар әлеуетінің маңызды екенін айтты.

Қазақстан Президенті агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолдау көрсету жөнінде атап өтіп, жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін келешекте экспортқа шығару мақсатымен қайта өңдеу бұл саланың негізгі басымдығы болып саналатынын айтты.

– Біз туризмді өркендетуге зор мән береміз. Бізде Туристік саланы дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Қазақстанның алуан түрлі ландшафты, бай мәдениеті мен тарихы және осы саладағы еуропалық компаниялардың мол тәжірибесі өзара пайдалы болар еді деп ойлаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларға «ЭКСПО» көрмесінің инфрақұрылымы базасында жұмыс істейтін және еліміздегі әрі өңірдегі «жасыл» жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізетін «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық туралы айтты.

– Елордада «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастады. Оның құқықтық мәртебесі конституциялық заңмен бекітілген, ал жұмыс тілі – ағылшын тілі. Бұл қаржы орталығының жұмысына қатысушыларға 50 жылға дейін салықтық жеңілдіктер қарастырылған, сондай-ақ, олар үшін жеңілдетілген валюталық, визалық және еңбек режімдері көзделген. Бұл – қызметі ағылшын құқығына негізделген өңірдегі бірден-бір орталық. Сіздердің компанияларыңызды осы қаржы орталығының жұмысына атсалысуға шақырамын, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы бұл кездесудің елдеріміз арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайта түсетініне сенім білдіріп, қатысушылардың бәріне табыс пен бақ-береке тіледі.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2019

Шағын фермалардағы жоғарғы технология

21.01.2019

Қостанай облысы өткен жылы алғаш рет экспортқа көлемді ет шығарды

21.01.2019

Тереза Мэй Еуроодақтан шығуға байланысты қосымша жоспарын таныстырады

21.01.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасының Президентінің ресми сапары бойынша брифинг өткізді

21.01.2019

Қазақстанда соңғы 10 жылда нәрестелердің өлімі-жітімі екі есе төмендеді

21.01.2019

Қарағандыда мамандандырылған фронт-офис ашылды

21.01.2019

Нұрлан НҰРҒАЛИЕВ: Мен үшін ағам – нағыз қаһарман!

21.01.2019

Әулиеатада денсаулық сақтау деңгейі жақсарып келеді

21.01.2019

«Өлкетану» оқулығы дайын

21.01.2019

Қызылорда облысында экспорт көлемі артады

21.01.2019

Жылқының сүйек құрылымы

21.01.2019

Сәби өлімі неге көп?

21.01.2019

Алматылық студенттердің ішімдікті қаншалықты тұтынатыны зерттелді

21.01.2019

Б.Сағынтаев «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесу өткізді

21.01.2019

Ақтөбеде сегіз өзеннің арнасы тазаланып, тереңдетіледі

21.01.2019

Маңғыстауда үш кеме неге қалған?

21.01.2019

Әл-Фараби ауданына спорттық сауықтыру орталықтары қажет

21.01.2019

Қазақстанда қара және түрлі-түсті металды шетелге шығаруға тыйым салынды

21.01.2019

Қызылорда облысында 283 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

21.01.2019

«Біздің қаланың кішкентай ханзадасы» – ең үздік балалар фильмі атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу