Әлем • 18 Қазан, 2018

Еуроодақ саммиті: «Брексит» мәселесі қиындай түсті

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Брюссельдегі Еуропа одағы саммитінің екінші күнінде Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй «Брекситтен» кейінгі өтпелі кезеңді бірнеше айға созатынын айтты, деп хабарлайды Euronews.

Еуроодақ саммиті: «Брексит» мәселесі қиындай түсті

Тереза Мэй © / Toby Melville / Reuters

Бұл шешім Еуроодақта қалатын Ирландия мен Біріккен Корольдік құрамындағы Солтүстік Ирландияның шекара мәселесін реттеу үшін қабылданды.

Тереза Мэй: «Жаңа жүйе енбейінше, өтпелі кезеңді ұзартып, Еуроодақпен келісім орнатуға тырысамыз. Біздің ойымызша, ортақ шешім қабылданбағанның өзінде де шекара жұмысы ескі тәртіпте жалғаса береді», деді.

Еуроодақ көшбасшылары қарашаның 17, 18 күндері «Брексит» шарттарын талқылауға негізделген жедел саммитті өткізуден бас тартты.

Еуропа парламентінің төрағасы Антонио Таяни: «Шешілмеген үш мәселе қалды. Біріншісі – Еуропа одағындағы азаматтар мен Ұлыбритания азаматтарының құқығы, екіншісі – төлем мәселесі. Екі мәселе бойынша келісім жасалды деп ойлаймын. Үшінші мәселе – шекара. Бұл - әлі де талқылануды қажет ететін сұрақ. Шешімі табылмаса да, жақсы нәтижемен аяқталатынына сенемін», деді.

Екі тарап та шекара жұмысының бұзылуын қаламайды. Дегенмен, Брюссель мен Лондон бұл мәселені Еуропа одағының шекара жұмысы аясында шешуге тырысуда.