Ғылыми-әдеби интеграция артып келеді

Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының мәжіліс залында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Уәлихан Қалижан 2017 жылы институт атқарған жұмыс түрлері мен нәтижелері және институттың осы жылғы жоспары жайында жұртшылық алдында жария есеп беру жиынын өткізді.

Егемен Қазақстан
20.10.2018 1885
2

Көпшілік алдындағы дәстүрлі есеп беру жиынында өткен жылы институтта жүзеге асырылған ғылыми-ұйымдастыру, зерттеу, шаруашылық жұмыстардың негізгі бағыттары, ұйымдастырған іс-шаралары, ғылыми әлеуеті, кадрлық құрамы жайында кеңірек баяндалды. Уәлихан Қалижанның айтуынша, институттың халықаралық байланысы нығайған. Қаламгерлер мен ғалымдардың жекелеген өнімдері орыс тілін айтпағанда, ағылшын, түрік, неміс, басқа да шет тілдеріне аударылып, шетелдік баспалардан жарық көріп жатыр. Бұл басқосуда сондай-ақ, институт қызметкерлерінің 2017 жылы жарық көрген жеке және ұжымдық еңбектері көпшілікке таныстырылып, тұсаукесер рәсімі өткізілді. Сонымен қатар, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 2015-2017 жылдары гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырған 26 жоба бойынша қол жеткізген табыстары, нәтижелері, ғылыми іссапарлар, білім және ғылым интеграциясы, жалпы, институттың экономикалық-қаржылық ақпараты берілді.

Институт құрылымындағы «Фольклортану», «Ежелгі дәуір және ортағасырлар әдебиеті», «Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті», «Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және публицистика», «Сыртқы әдеби байланыстар және талдау», «Әуезовтану», «Музыкатану», «Театр және кино», «Бейнелеу өнері», «Қолжазба және мәтінтану» ғылыми-инновациялық бөлімдерінің өткен жылғы ғылыми және қоғамдық іс-шаралары, зерттеу жұмыстары ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел», «100 нақты қадам – Ұлт жоспары», Индустрияландыру, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламаларының аясында өткенін айтып өткен жөн. Осының бәрін жиынға келгендер қызыға тыңдады және институт жұмысымен жете таныс екендігін білдіріп, сөз сұрады. Сөз алғандардың арасында мәдениеттанушы Мұрат Әуезов, шығыстанушы Әбсаттар Дербісәлі, Белорус этномәдени орталығының жетекшісі Л.Питаленко, шығыстанушы-профессор, «Барбанг» Қазақстан күрдтері Қауымдастығының» президенті Князь Мирзоев, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, суретші Еркін Нұразхан жарыққа шыққан еңбектермен таныса отырып, жасалған еңбектің табысты болғанын, кейбір ғылыми еңбектерді қайта қараудың қажет екенін атап өтті.

Институт директоры ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің ғалымдарға жасаған жекелеген қамқорлығын да атаусыз қалдырмады. Былтырғы жылы институттың он шақты жас ғалымы мақсаткерлік бағдарламасы аясында баспанамен қамтасыз етілген.  Институт өткен жылы ғылыми кадрлар дайындау саласында да айтарлықтай жетістіктерге жетіп, магистратура мен ғылыми ізденістерге байланысты кең ауқымды жоспарлы жұмыстар жүргізуді қолға алған. Соның нәтижесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлестікте «Ғылым ордасы» базасындағы Ғылыми кадрлар даярлау орталығының бағдарламалары негізінде үміткерлер оқуға қабылданып, бірнеше магистрант, докторанттар білім алуда. Мұның өзі ғылымның формальды түрде емес, білім мен тәжірибенің ұштаса отырып, дамуына ықпал жасайтыны баса айтылды. Бұл жұмыстың болашақта тұрақты әрі тиянақты түрде жалғасын таба беретінін қатысушылар қуанышпен қабылдады.

2018 жылы институт жүзеге асыратын гранттық жобалар мен нысаналы бағдарлама, республикалық және халықаралық іс-шаралардың мазмұны, идеялық бағдары республикамыздың даму стратегиясындағы екі бағдарламаны – «Рухани жаңғыру» және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларын іске асыруды жалғастыруға бағытталған.

2017 жылы институттың іс-шаралар жопарына және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жоспарына сәйкес бірнеше халықаралық, республикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар, ашық дәрістер ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілген.

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының әдебиеттану, фольклортану мен өнертану саласында атқарған қызметі, жетістігі,  жұмыс нәтижелері жайында көпшілікке толымды ақпарат ұсыну мақсатында өткізілген жария есеп беру жиыны қатысушылар тарапынан қанағаттанарлық деп қабылданды.  Жиынға жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, әдебиеттанушы, өнертанушы ғалымдар, магистрант, докторанттар, түрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйым, сала қызметкерлері қатысты.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Маңғыстау мұражайы мектеп оқушылары үшін жылжымалы көрме ұйымдастыруда

13.11.2018

Тауарлық газдың бағалары 6-15%-ға төмендейді — Қ. Бозымбаев

13.11.2018

Шахматшы Жансая Әбдімәлік бірінші партияда әлем чемпионын жеңді

13.11.2018

Маңғыстауда автоматтандырылған жылу пунктін орнатады

13.11.2018

Түркі кеңесi диаспора істеріне жауапты министрлер мен мекемелер басшыларының үшінші кездесуі өтті

13.11.2018

Маңғыстауда 251 жер қойнауын пайдаланушы мекеме тіркелген

13.11.2018

Оралда қазіргі заман қаһармандарына құрмет көрсетілді

13.11.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық пікірталастарында көп жақтылықты нығайтуға шақырды

13.11.2018

Маңғыстау облысында «Мемлекеттік қызмет мектебі» ашылды

13.11.2018

Қолтырауындар да жылайды

13.11.2018

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Батыс Сахарада күрделі тапсырмаларды орындады

13.11.2018

Сөз сойыл №70

13.11.2018

Шерағаң шерткен шер

13.11.2018

Бақыршық жармалықтарды жұмыспен қамтып отыр

13.11.2018

«Абай болмаса, «Мирас» болмас еді...»

13.11.2018

Барқытбел баурайында ұлттық парк құрылды

13.11.2018

Теңдесі жоқ жобаның тегеуріні импортты ығыстырады

13.11.2018

Түйе шаруашылықтары ортақ іске жұмылады

13.11.2018

Тоқсан жыл бұрын Семейде...

13.11.2018

Балдыр жесе, балық та бағалы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу