Әлем • 22 Қазан, 2018

Бүгін - Халықаралық мектеп кітапханаларының күні

1381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін - Халықаралық мектеп кітапханаларының күні

Халықаралық мектеп кітапханаларының күні (International School Library Day) көптеген елдерде жыл сайын 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО бастамасымен қазан айының төртінші дүйсенбісінде атап өтіледі. Жыл сайын ол белгілі бір тақырыпқа арналады.

Бұл туралы алғаш рет мектеп кітапханаларының Халықаралық ассоциациясының президенті (International Association of School Librarianship, IASL) Бланш Вулз жариялады.

Осы орайда, назарларыңызға әлемдегі ерекше мектеп кітапханаларын ұсына кетейік:

1. Кембридждегі мектеп кітапханасы (Ұлыбритания)

Бастауыш мектеп оқушыларына арналған кітапхана дауыстап оқуға арналған арнайы орындары бар жабық кеңістіктен тұрады. Жиһаздар - үлкен әріптер бейнесінде, ал қабырғаларда- ағылшын жазушысы Филипп Пирстің «Том және толық БАҚ» повесінен алынған цитаталар жазылған.

Кітапханада қарапайым оқулықтар жоқ,  сөрелер тек танымдық және ойын-сауық әдебиеттерге толы .

2. Лондондағы дайындық мектебінің кітапханасы (Ұлыбритания )

Кітапхананың болмауы мәселесін, Розендаль дайындық мектебінің басшылығы Лондонның танымал символы - қызыл екі қабатты автобустың көмегімен, толы кітаптар және мектеп ауласында орналасқан оқуға ыңғайлы орындықтар арқылы шешкен. Бұл кітапханаға тек мектеп оқушылары ғана емес, әр сәрсенбі сайын әдеби автобустың барлық қалаған оқырмандар келе алады .

3. Фредериксхавндағы мектеп кітапханасы (Дания)

Қызыл пирамида түріндегі кітапхана мектеп ғимаратының ортасында, оқушылардың барлық негізгі жолдардың қиылысында орналасқан.

4. Сафрон-Уолдендегі Дейма Брэдбери мектебінің кітапханасы (Ұлыбритания ))

Білім ағашы - мектеп кітапханасының қақ ортасында орналасып, өзіне оқырман тартып тұрады. Ол - оқушылардың назарын кітапханаға ғана емес, оқуға да аударады.