Қоғам • 22 Қазан, 2018

Ақпараттық кеңістік артықшылығы

1821 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Ақпараттық технологиялар негізінде пациенттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарын қамтамасыз ету

Ақпараттық кеңістік артықшылығы

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі - ММСЖ) ден­саулық сақтау саласын дамытудың не­гізгі бағыттарының бірі компьютерлік ақпараттық және коммуникациялық тех­нологияларды кеңінен қолдану. Бүгінгі таңда денсаулық сақтауды ақ­па­раттандыруды дамыту үрдістері медициналық көмек көрсе­тудің қол­жетімділігін және сапасын арттыру мәселелеріндегі медицинаны ин­но­вациялық дамытудың маңызды фак­торларының біріне айналды.

Республиканың денсаулық сақ­тау саласы медициналық көмек көр­сетудің жаңа деңгейіне көшуде, оны қа­лып­тастыру үшін менеджмент жә­не денсаулық сақтау жүйесінің бар­­лық бағыттарын жаңғыртылған және заманауи медициналық көмекке бейім­­­деу мәселелеріне қатысты зор жұ­мыс жүргізілді. Мемлекет үр­діс­ке қа­­­­тысатын барлық мү­ше­лер­дің­ пі­кір­лес ынтымақтастығына не­гіз­де­летін ме­ди­­­циналық көмекті көрсету мін­дет­темелерін және кепілдіктерін қам­та­­масыз етуге арналған теңдес­тірілген және тұрақты жүйені құру мақ­сатында денсаулық сақтау саласын жетілдіру бағытын таңдады. 

Міндетті медициналық сақтандыру жүйе­сіне көшумен деректерді бірыңғай қойма­да сақтау арқылы денсаулық сақ­тау саласы­ның барлық қолданыстағы ақпараттық жүйе­лерін сыртқы АТ ком­па­ниялардың медици­налық ақпараттық жүйе­лерімен интеграция­лауды жүзе­ге асы­ру жоспарланған. Үрдісті іске асы­ру үшін денсаулық сақтауды ақпа­рат­тан­дырудың негізгі бағыттары айқын­далды. 

1) республика бойынша барлық денсаулық сақтау ұйымының қол­даныстағы ақпа­раттандыру жүйесімен өзара іс-қимылын жүзеге асыратын МӘМС жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңіс­тігін құруды енгізу және қамтама­сыз ету.

2) МӘМС жүйесін ақпараттандыру мә­селелерін нормативтік-әдістемелік қамта­масыз ету.

3) ақпараттық қауіпсіздікті және ақпарат­ты қорғауды қамтамасыз ету.

Денсаулық сақтау саласын ақпарат­тан­ды­рудың негізі мақсаттары – шұғыл және сенімді ақпаратты беру жолымен медициналық қызметтерді көрсету сапасын қамтамасыз етуге қолдау көрсету. Кез келген ақпарат желі­сіндегідей құ­пия­лылық мәселесіне қатысты дербес де­ректерге рұқсатсыз кіру мүмкін­дігін бермейтін және оларға рұқсатсыз кіру фактісін уақтылы анықтауды қамта­­масыз ететін қорғаныс жүйесін құру ма­ңызды.

Сақтандыру жүйесінде құрылатын ақпа­раттық жүйелер болашақта әртүрлі көздер­ден, оның ішінде МӘМС шеңберінде алына­тын ақпаратты интеграциялауы және біріктіруі тиіс. 

Ақпараттық ресурстар мен технологиялар даму мүмкіндіктерін, стратегияларды, МӘМС тиімділігін жоспарлау, басқару және айқындау әдістерін белгілейтін анағұрлым түбегейлі фак­торларға айналуына байланысты, мін­детті әлеуметтік медициналық сақ­тандыру жүйесі шеңберінде кешенді автоматтандырылған жүйені одан әрі дамыту азаматтарға медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыру мүмкіндігін береді.

МӘМС шеңберінде денсаулық сақтау құрылымына ақпараттық технологияларды белсенді енгізумен денсаулық сақтау сала­сын ақпараттандыруды іске асырудан тиім­ділік көрсеткішіне қол жеткізу маңызды. Бұл тиісті ақпараттық-талдау жүйелерін құру, сондай-ақ халық денсау­лы­ғының жай-күйін мониторингтеу жүйесін дамыту есебінен басқаруға жұмсалатын шығын­дарды азайту, еңбекті көп қажет ететін опе­рацияларды автоматтандыру, деректер­дің сенімділігін арттыру, ақпараттық қызмет көрсету жедел­дігін, қабылданатын шешім­дердің шұ­ғыл­дығын және сапасын арттыру есебінен медициналық персонал жұмы­сының тиімділігін жоғарылатудан тұрады.

Қазақстан Республикасының халқын қамтуға мүмкіндік берген құрал­дар­дың бірі «Бекітілген халық тіркелімі» порта­лы. Бекітілген ха­лық тір­келімі облыстардың, Астана және Ал­ма­­ты қалаларының тұрғындар санына есепті «Бе­кітілген халық тіркелімінде» тіркеу арқылы айқындайды және оны жүргізу кезін­де туындаған қатынастарды реттейді. Мін­дет­ті медициналық сақ­тандыруды енгізу шең­бе­рінде жыл сайын Қазақстан Рес­пуб­ли­касының әр­бір азаматының және орал­мандардың әлеуметтік мәртебесін анық­таумен ха­лықты бекіту науқаны өткізіледі. Осы­лайша азамат МСАК көрсететін меди­ци­налық ұйымға еркін таңдау бойынша бекітіледі. 

Бекіту пациентке медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) шеңбе­рінде және міндетті әлеуметтік медици­на­лық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) медици­налық-санитарлық алғашқы көмекті тегін алу құқығын береді. 

«Бекітілген халық тіркелімі» (бұдан әрі – БХТ порталы) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстан Республикасы бірыңғай ақпараттық денсау­лық сақтау жүйесінің (бұдан әрі – БАДСЖ) мін­деттерін орындауға қажетті, жеке тұлғалар туралы көптеген деректерді сақтауға арналған ақпараттық массивтер жинағы. Портал бекітілген ха­­лықтың нақты саны туралы бір­ың­ғай орталықтандырылған базаны қа­лыптастыру үшін арналған. Жүйеде МСАК ұйымдарына бекітілу жағдайы «Бекітілу мәртебесі» атымен ақпараттық объектілер жинағы ретінде сипатталады. 

Бекітілген халық тіркелімі кіші жүйелер мен модульдерден тұрады, олардың әрбірі белгілі бір міндеттерді шешуге бағытталған кейбір әрекеттерді автоматтандыруға мүм­кін­дік береді. Осылайша порталдың функ­цио­на­лына халыққа қызмет көрсету учаске­лері ту­ралы мәліметтерді жүргізу, жеке тұлға­лар тіркелімін жүргізу, пациенттерді бекітуге/ тір­кеуден алып тастауға сұрауларды тіркеу және өңдеу, бекітілген халық туралы мәлі­мет­­терді жүргізу, туу және өлім жағдайларын тір­кеу, сондай-ақ есептілікті қалыптастыру кіреді. 

МСАК субъектілеріне халықты бекіту тәртібі медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын жердегі МСАК ұйымына бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын азаматтарды қоспағанда, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық ұйым­ды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылады. 

МСАК бекіту үшін азаматтың өзі немесе оның заңды өкілі жазбаша түрде еркін нысанда өтініш береді немесе өтініш «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тіркеледі. Бекітілуге сұрау салу мәліметтерін тіркеу кезінде БХТ ақпараттық жүйесіне енгізіледі, азамат «бекітілді» деген мәртебе алады. Өмірлік циклдің процесінде пациент «Бекітілуге сұрау салу» – «Бекітілді» кезеңділігімен бекітілу мәртебесін өз­гертеді.

Жыл сайын 15 қыркүйектен бас­тап 15 қарашаға дейін өткізілетін бекіту науқаны барысында елдің әрбір тұрғыны өзінің МСАК тиіс­тілігін ғана емес, сондай-ақ өзінің әлеу­меттік мәртебесін (жалдамалы жұмыскерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, ресми кірістері жоқ немесе еш жерде жұмыссыз ретінде тіркелмеген азаматтар және т.б.) анықтауға мүмкіндігі бар. Әлеуметтік мәртебені дұрыс анықтау адамның өзіне, сондай-ақ медициналық ұйымға маңызды.  

Данияр Мақашев, 

Бәтен Құдабаева, 

Азамат Шахметов,

Зарина Келдібаева,

«Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Медициналық-ақпараттық талдау департаменті Мониторингтеу және талдау бөлімі