Футбол • 23 Қазан, 2018

Павлодарға «Қайсар» келіп, «Ертісті» жеңіп кетті

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жексенбі күні   «Ертіс» футбол командасы өз алаңында қызылордалық «Қайсармен»  кездесті.

Павлодарға «Қайсар» келіп, «Ертісті» жеңіп кетті

Жанкүйерлердің  айтуынша, «Ертістің»  футболшылары жақсы ойын көрсетіпті. Алғашында және екінші таймда да «Қайсардың» қақпасына дүркін-дүркін шабуылдайды. 

Бірақ, өкінішке қарай  гол соға алмапты. Есеп 0-1.  Голдың авторы – Александр Марочкин.  Бұл кездесуде «Қайсардың» футболшылары сауатты ойын үлгісін көрсете білді. Сондықтан, «Қайсар» ФК бас бапкері Стойчо Младенов баспасөз жиынында «Күреске толы ойын болды» деп баға берді.

Қайта оралған  «Ертістің» бас бапкері Димитар Димитровтың айтуынша,  команда жақсы ойын көрсетті. Голдан гол  соғатын ыңғайлы сәттер көп болғанымен, жергілікті футболшылар мүмкіндікті  пайдалана алмаған.

Сөйтіп, павлодарлық  «Ертіс» Премьер - лиганың 30-туры аясындағы матчта  Премьер - лигада 11-орынға төмендеді.

 Алда әлі үш ойын күтіп тұр. Келесі матчта «Ертіс»  27 қазанда Алматыда  «Қайрат» командасымен кездеседі.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суреттерді түсірген: Ольга Бугаева