Аймақтар • 23 Қазан, 2018

Қостанайда «Татуласу: сотқа дейін, сотта» атты конференция өтті

590 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оған сот жүйесінің ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, облыстағы қалалық, аудандық соттардың судьялары қатысты. Жоғарғы сотттың төрағасы Жақып Асановтың бастамасымен осы жылдың басынан бері жобалық менеджмент әдісімен 7 топ жұмыс істейді. Соның бірі «татуласу: Сотқа дейін, сотта» жобасы шеңберінде жұмыс істеп жатқан топ Қостанай облысына келіп, түсіндіру жұмысын жүргізді.

Қостанайда «Татуласу: сотқа дейін, сотта» атты конференция өтті

Конференцияда сөз алған Қазақстан Республикасы Жоғары Соты тқөрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүйлеймен медиация, яғни тараптардың істі сотқа дейін жеткізбей-ақ келісуі, татуласуы экономикалық және әлеуметтік жағынан да уақыт талап етіп отырған мәселе екенін айтты.

«Біздің елде жыл санап соттағы істер еселеп артуда. 2013 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 2 есеге жақын, яғни 1,4 миллионннан 2,7 миллионға дейін өскенін айтты. Елімізегі адам басына шаққанда құқыққа қабілетті әрбір төртінші азамат дауға тартылып, соттасып жүр» деді Сағатбек Сүлеймен. Ол сонымен қатар Қостанай облысында басқа өңірлермен салыстырғанда даукестік деңгейі жоғары екенін де айтып өтті. Тек дауласушы екі адам ғана қатысатын азаматтық істер бойынша соттасушылар саны облыс тұрғындарының 15 процентін қамтиды.

Қостанай облыстық сотының төрағсы Мерғалиев Асланбек бітімгершілік бойынша облыста жүргізіліп жатқан жұмыстарға шолу жасады. Қазірде адамдарды соттардағы бітімгершілік ісі қызықтырады. Тұрмыстық және азаматтық дау-дамайларды сотқа дейін татуласу арқылы бітірсе, ол тараптарға қаржылық жағынан да жеңіл түседі және тәрбиелік мәні де жоғары болады. Соңғы жылдары медиация мәмелесін жұртшылыққа түсіндіруде жоғары оқу ордаларымен жүргізілетін жұмыстар нәтижелеі айқын байқалады.

«Зұлқарнай Алдамжар атындағы әлеуметтік –техникалық университетімен ықпалдастық бойынша меморандумға қол қойып, осында медиация кабинетін аштық.Сонымен қатар дауларды баламалы шешу мәселесі бойынша жоғары оқу орындары үшін пән болуы керектігін айтқым келеді» деді Асланбек Амангелдіұлы.

Мұнан кейін конференцияға шақырылған зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар сөз алып, өмірде кездесіп жататын тіршілік түйкілдерінен туатын ұсақ дауларды сотқа жеткізбей, өз ара шешу керектігін, оның халқымыз тарихында бар нәрсе екенін, жас ұрпақты соған тәрбиелеу керектігін айтты.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай