Көңіл толарлық көрсеткіштер аз емес

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елге инвестиция тарту мәселелері қаралды, мемлекет-жекеменшік әріптестігін дамыту барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – көлік пен логистика саласын цифрландыру бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды.

Егемен Қазақстан
24.10.2018 17527
2

Орталық Азиядағы инвестицияның 70%-ы Қазақстанға тиесілі

Инвестициялық климатты жақсарту, ел экономикасына шетелдерден инвестиция тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндаған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей инвестиция тарту бойынша көшбасшы ел екенін, жалпы көрсеткіштің 70 пайызы біздің елге тиесілі екенін жеткізді.

−Биыл 9 айда негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 21,6 пайызға артып, 7,5 трлн теңгені құрады. Тау-кен өнеркәсібінде – 41,4 пайыз, құрылыста – 37,1 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде – 26,4 пайыз өсім байқалады, – деді министр. Оның дерегінше, республикалық деңгейдегі инвестициялардың басым бөлігі Атырау, Астана, Алматы қалаларына тиесілі. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция­лар көлеміндегі жеке қорлардың үлесі 2018 жылдың 9 айында 73,1 пайызды құрап, 5,5 трлн теңгеге жеткен. Министр келтірген ақпарат бойынша, биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысына сәйкес, тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 15,4 пайызға ұлғайып, 12,3 млрд долларды құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы 1-ші жартыжылдықта 10,5 млрд АҚШ доллары шамасында болған еді. Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібінде - 6,7 млрд доллар, сау­дада 2 млрд теңге, көлік, қаржылық және сақтандыру қызметі, ақпарат және байланыс салаларында біршама өсім бар. 

Министрлік келтірген мәлімет бойынша жалпы сомасы 1,4 млрд доллар болатын 12 жоба іске асырылу сатысында. Биыл құны 1 млрд доллар болатын 8 жоба қарқынды түрде іске асырылуда. Маңызды жобалардың ішінде инвестиция көлемі 83 млн долларды құрайтын техникалық газ өндіретін немістің Linde Group компаниясын, инвестиция көлемі 165 млн долларды құрайтын картоп өңдейтін голландиялық фирманы, инвестиция көлемі 70 млн долларды құрайтын жоғары сапалы әк өндіретін бельгиялық Carmeuse Group компаниясын, инвестиция көлемі 220 млн доллар болатын сода күлін өндіретін түркиялық Yildirim Holding компаниясын, инвестицияларының көлемі 194 млн доллар, болат құбыр шығаратын қытайдың CNPC және цемент өндіретін China Gezhouba Cem компанияларын атауға болады.

Сонымен қатар Инвестициялар және даму министрі «100 нақты қадам» – Ұлт жос­пары аясында трансұлттық компаниялар инвестицияға тарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп отырғанын жеткізді. Алдымен трансұлттық компания жобаларының тізімі жасалды. Онда шамамен 10,6 млрд доллар болатын 34 жоба қарастырылған. Бүгінгі күні жалпы сомасы 1,4 млрд доллар болатын 12 жоба жүзеге асыруға дайын болса, 9,2 млрд долларлық 22 жоба пысықталуда. 

− Қазіргі уақытта 3 деңгейлі инвестиция тарту жүйесі құрылды. Сыртқы деңгейде Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің инвестициялық кеңесшілері және «Kazakh Invest» өкілдері жұмылдырылған. Орталық деңгейге Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті және «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы жауапты. Үшінші кезектегі өңірлік деңгей бойынша жергілікті атқарушы органдар, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы АҚ-тың аймақтық өкілдері жұмыс атқаруға тиіс, – деді Жеңіс Қасымбек. 

Айта кетерлігі, соңғы жылдары елімізде шетелдік инвесторлардың алаңсыз жұмыс атқарулары үшін қолайлы жағдай жасалып, ол үшін тиісті заңнамаға өзгерістер енгізілді. Бұған қоса, рұқсат беру, салық салу, кедендік бақылау жүйелері мен қөші-қон мәселесі реттеліп, визалық режім жеңілдетілді. Алдағы уақытта да инвесторлар жиі кездесетін проблемаларды шешуге бағытталған заң жобасы қаралуда. 

Мемлекет-жекеменшік әріптестігі нәтижесі – 845 млрд теңге

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мемлекет-жекеменшік әріптестігін дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айында 845 млрд теңгеге 192 мемлекет-жекеменшік әріптестігі шарты жасалды. 

−Ағымдағы жылдың 15 қазанындағы жағдайға сәйкес 1,1 трлн теңгеге 443, ал осы жылдың 10 айында 845 млрд теңгеге 192 шарт жасалды. Аталған кезеңде 142 млрд теңге сомасына 275, ал 10 айда 29,1 млрд теңгеге 49 жоба пайдалануға берілді. Бүгінгі күні жалпы сомасы 1,5 трлн теңгені құрайтын 721 жоба дайындық үстінде. 449 жобаның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары қамтылған, – деді министр. Айта кетерлігі сумен жабдықтау, инженерлік инфрақұрылым сияқты негізгі салаларда мемлекет-жекеменшік әріптестігін дамыту жағы ақсап тұр. 

− Осыған орай мемлекеттік органдарға осы бағыттағы жұмысты бастау ұсынылады. Жоғарыда аталған шарттардың негізгі үлесі өңірлерге тиесілі. 2018 жылы жасалған шарттар саны бойынша Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары көш басында. Аталған жобаларға тартылған инвестициялар көлемі 100,6 млрд теңгені құрайды, – деді Т. Сүлейменов. 

Ал Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов болса 2016-2018 жылдар аралығында өңірлерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасаудың оң динамикасы байқалатынын жеткізді. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 7 мемлекет-жекеменшік әріп­тестігі шартын жасау жоспарлануда. Жасалған 68 мемлекет-жекеменшік әріптес­тігі шартының аясында 44 нысан пайдалануға берілген. Оның ішінде 6 магниттік-резонанстық томограф, 5 компьютерлік томограф, 5 рентген-диагностикалық аппарат орнатылған. Сондай-ақ 11 дәрігерлік амбулатория, 

8 зерт­хана, алты-алтыдан гемодиализ және офталь­малогиялық орталық, үш-үштен қала­лық емхана және оңалту орталығы және 1 жедел жәрдем стансасы ашылды. 

9 айда – 11 млн-нан астам электронды билет 

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қазіргі уақытта Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас, Астана – Теміртау жол учаскелерінде төлемақы алу жүйесі қолданылады. Келер жылы Шымкент – Ақтөбе – Мәртөк, Шымкент – Тараз – Қайнар және Астана – Павлодар учаскелерінде төлемақы жүйесін орнатуға конкурс жарияланбақ. Жалпы, 2020 жылы ұзындығы 6,5 мың шақырым болатын 17 учаске төлемақы алу жүйесімен қамтылмақ. Сонымен қатар жол бойы сервисін цифрландыру үшін «KazWay» мобильді қосымшасы іске қосылып, жол бойындағы сервис ұсынатын барлық нысандар туралы деректерді қамтитын «Transpark» электронды картасы жұмыс істейді.

Бұған қоса, көлік бақылауын толық автоматтандыру үшін келесі жылдың шілде айынан бастап ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат беру 3-7 күннің орнына автоматтандырылған режімде 15 минут ішінде берілетін болады.

Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалы саласында қанатқақты режімде облысаралық және халықаралық жолаушылар тасымалын диспетчерлеу жүйесі іске қосылған. 2019 жылдың соңына дейін 416 бағыт бойынша облысаралық және халықаралық жолаушылар тасымалындағы 2 мыңнан астам автобус аталған режімде жолаушылар тасымалдайтын болады. 

Сонымен қатар «Smart City» аясында көлік саласында облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда жолақыны электронды төлеу және қоғамдық көлік мониторингі іске асырылып жатыр. Бүгінде бұл жүйелер Астана және Алматы қалаларында толық іске қосылған. Қалған қалалар бойынша 2018–2021 жылдар аралығында іске асыру мерзімімен тиісті жол карталары бекітілген.

«Қазақстан темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев елдегі темір жол саласын цифрландыру қалай жүріп жатқанына тоқталып өтті.

−Цифрландыру компания қызме­ті­нің барлық бағытын: темір жол инфра­құ­ры­лымын, жүк тасымалы және жолаушы­лар тасымалын қамтиды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына кіретін «АСУ» магистральды жобасы аясында 6 мобильді диагностикалық кешен қамты­лады. Оның үшеуі желтоқсан айының орта­сында, қалғаны 2019 жылдың ортасында жұмысын бастайды, – деді компания басшысы. Қанат Алпысбаевтың айтуын­ша, бүгінде Қазақстанда 456 жүк стан­сасы іске қосылған. Жүк тасымалы са­ласында клиенттер санын арттыру мақсатында жүктерді дер кезінде жеткізу жолға қойылған. Шекарадан өту рәсімдері және басқа темір жол әкімшілерімен электрон­ды деректер алмасуды қамтамасыз етудегі міндеттер өзекті болып отыр. Республикадағы қатынастардың жоспарын бекіту уақыты 11 сағаттан 5 минутқа дейін, экспорттық қатынаста 35 сағаттан 1 сағатқа дейін қысқарту қарастырылған. Қанат Алпысбаевтың айтуынша, жолаушыларды тасымалдау саласында клиенттерге қолайлы жағдай жасалған. Осы жылдың 9 айында 17 млн-нан астам билет, соның ішінде 11 млн-нан астам электронды билет рәсімделген. Жылдың соңына дейін электронды билет сату үлесін 75%-ға жеткізу жоспарланып отыр. 

−Компанияда ақпараттық технология­ларды 2022 жылға дейін дамыту стратегиясы әзірленіп, бекітілді. Маңызды жобалардың ортақ саны анықталды. Осы жобалардың белгілі бір бөлігі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына енгізілген. Цифрландыру кеңсесі құрылды. Жобаларды мезгілінде орындауды және мақсатты деңгейге қол жеткізуді қамтамасыз етеміз, – деді Қ.Алпысбаев.

Жиынды қорытындылаған Үкімет басшысы Б.Сағынтаев көлік пен логистика саласын цифрландыру еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға, қауіпсіздікті күшейтуге, шығындарды қысқартуға мүмкіндік бере­тінін айта келіп, мемлекеттік органдарға цифр­­ландыру жөніндегі бекітілген мемле­кеттік бағдарлама аясында жоспарлы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

19.01.2019

Ақмолалықтар мүгедектер үшін автобустардың қолайлылығын бақылауда

19.01.2019

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

19.01.2019

Филиппиннің ең бай адамы қайтыс болды

19.01.2019

Қазақстанда «ақылды қала» пайда болды (видео)

19.01.2019

«Нұр Отан» мектеп асханаларын жалға алушыларды тексерумен айналыспайды

19.01.2019

Балалар Евровидение — 2019 байқауы Краков қаласында өтеді

19.01.2019

Локомотивтерді жөндеу толық орындалды

19.01.2019

Мексикада құбыр жарылып, 20-дан астам адам қаза болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу