Күрес • 24 Қазан, 2018

Еркін күрес сайысында Ресей озды

521 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еркін күрестен Ресей құрамасы бұл күндері Венгрияның астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатының командалық есебінде алдына жан салмады. Олар 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді олжалады.  Екінші және үшінші орында – АҚШ пен Грузия. Америкалықтар 3 алтын, 1 күміс және 3 қоланы қоржынға салса, Қап тауының қырандары 1 алтын, 1 күміс және 2 қоланы еншіледі.

Еркін күрес сайысында Ресей озды

Сондай-ақ, Будапештегі жарыста мына командалар ғана жүлделі орындарды иеленді: Жапония мен Куба (1 алтын+2 қола), Түркия мен Беларусь (1 күміс+1 қола), Қазақстан, Үндістан, Бахреин, Әзірбайжан, Қытай (1 күміс), Иран (3 қола), Моңғолия, Өзбекстан, Испания және Италия (1 қола). Барлығы 17 мемлекеттің өрендері ғана төрткүл дүниенің ең таңдаулы балуандары бас қосқан жарыста жеңіс тұғырына көтеріле алған екен.  

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері

57 кило: 1. Заур Угуев (Ресей). 2. Нұрислам Санаев (Қазақстан). 3. Юки Такааси (Жапония) мен Сүлейман Атли (Түркия). 

61 кило: 1. Йовлис Бонне Родригес (Куба). 2. Гаджимұрат Рашидов (Ресей). 3. Тувшинтулга Туменбилег (Моңғолия) пен Джозеф Даниэль Колон (АҚШ). 

65 кило: 1.Такуто Отогуро (Жапония). 2. Байранг Байранг (Үндістан). 3. Ахмед Чакаев (Ресей) пен Алехандро Энрике Вальдес Тобьер (Куба).

70 кило: 1.Магомедрасул Газимагомедов (Ресей). 2. Адам Батыров (Бахрейн). 3. Зураби Якобишвили (Грузия) мен Франклин Марен Кастильо (Куба). 

74 кило: 1. Зәуірбек Сидаков (Ресей). 2. Автандил Кенчадзе (Грузия). 3. Бекзод Абдурахмонов (Өзбекстан) пен Джордан Барроуз (АҚШ). 

79 кило: 1. Кайл Дуглас Дэйк (АҚШ). 2. Джабраил Хасанов (Әзірбайжан). 3. Ахмед Гаджимагомедов (Ресей) пен Әли Шабанов (Беларусь).

86 кило: 1. Дэвид Моррис Тэйлор (АҚШ). 2. Фатих Эрдин (Түркия). 3. Хассан Язданишарати (Иран) мен Таймураз Наскидаев (Испания).

92 кило: 1. Майкл Кокс (АҚШ). 2. Иван Янковский (Беларусь). 3. Әлиреза Каримимачиани (Иран) мен Ацуси Мацумото (Жапония).

97 кило: 1. Абдулрашид Садулаев (Ресей). 2. Кайл Снайдер (АҚШ). 3. Абрахам Коньедо Руано (Италия) мен Элизбар Одикадзе (Грузия). 

125 кило: 1. Гено Петриашвили (Грузия). 2. Ден Чживей (Қытай). 3. Парвиз Хадибасмани (Иран) мен Никлас Гвяздовски (АҚШ).

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»