Футбол • 24 Қазан, 2018

Рангело Янга "Яблонец" қақпасына гол соғады

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан чемпионы "Астана" бейсенбі күні Еуропа лигасының аясында чехияның "Яблонец" командасымен кездеседі. 

Рангело Янга "Яблонец" қақпасына гол соғады

Еуропа лигасының 3-тур ойынын "Астана" сырт алаңда чехияның "Яблонец" командасына қарсы өткізеді. Чехиялық ұжым алғашқы ойында "РЕНН" командасынан жеңіліп қалды да, өз алаңындағы ойында "Динамо" Киевпен тең түсті. Жалғыз ұпайы бар "Яблонец" "Астананы" жеңеміз деп желпініп отырғаны рас. Осы ойын алдында әлемдік букмекерлік кеңселер өз бағаларын беріп те тастады. Солардың ішінде ең қызығы "Астана" командасының сапынан гол соғуы ең ықтимал ойыншы Рангело Янга болып тұр. Орташа есеппен алсақ, оған берілген коэфицент дәл қазір - 3,2-ні көрсетеді. Ал екінші орынға Алексей Щеткин жайғасқан. Оның гол соғу ықтималдығы 3,41 коэфицентке теңесіпті. Ал жалпы ойынның фавориті деп кеңселер алаң иесі "Яблонецті" нұсқады. 

Естеріңізге сала кетейік матч бейсенбі күні, Астана уақытымен түнгі 01-00-де басталады.