Қазақстан • 25 Қазан, 2018

Солтүстік Қазақстан аграршылары күзгі орақты толық аяқтады

528 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өңірде  күзгі орақ науқанының толық аяқталып, әр гектардан 18 центнер ел ризығы жиналғанын мәлімдеді.

Солтүстік Қазақстан аграршылары күзгі орақты толық аяқтады

– Биыл жалпы егіс алқабы 4,2 миллион гектарды құраса, оның  2,8 миллион гектарына  дәнді және дәндібұршақ, 1 миллион гектарға майлы, 414 мың гектарға жемазық дақылдары  себілген болатын.  Ауа райының қолайсыздығына байланысты жиын-теріннің кеш басталғанына қарамастан  ұйымшылдықпен атқарылды. Арзандатылған жанар-жағармай, техника, адам күші жеткілікті болды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы лизингпен жүздеген  қуатты техникалар алынды», дейді басқарма басшысының орынбасары Қуандық  Шақұбаев.

Былтырғы жылға қарағанда майлы дақылдардың көлемі біржарым есе көбейтіліп,  707 мың тонна дән  қамбаға құйылды. Орташа өнім  8,9 тонна болды.

Қазір сыйымдылығы 6,6 миллион тоннаны қамтитын элеваторлар астық тазалаумен айналысуда.

«Зенченко және К», «Мәмбетов және К» командиттік серіктестіктері, «Бабық-Бұрлық, «Дайындық» шаруа қожалықтары гектар өнімділігін 20-30 центнерден айналдырды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы