Әлем • 25 Қазан, 2018

Сауд Арабиясында инвестиция форумы өтіп жатыр

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд Арабиясы Эр-Риядта халықаралық инвестфорумның ашылуына қатысты келісім жасады, деп хабарлайды Euronews.

Сауд Арабиясында инвестиция форумы өтіп жатыр

Форумның негізгі мақсаты – батыс саясаткерлерінің, әлемдік компаниялардың белгілі журналист Джамаль Хашшогидің өліміне байланысты байкот жариялауына қарамастан, инвестиция тарту мүмкіндіктерін көрсету.

«Түркияда орын алған соңғы оқиғаларға байланысты мемлекетімізге дағдарыс төніп тұр. Бірақ, мемлекетімізде тарихи ауқымды трансформация өтіп жатыр. Біз үлкен өзгерістерге бет алдық және бұл қозғалыс тоқтамайды», деді энергетика министрі Халед аль-Фалех алғысөзінде.

Saudi Aramco мұнай компаниясының өкілдерінің айтуынша, жалпы құны 34 миллиард доллар болатын 15 меморандумға қол қойылған. Серіктестер қатарында АҚШ, Франция, Қытай, Жапония, Біріккен Араб Әмірліктері мен Үндістан мемлекеттерінің компаниялары бар. Инвестиция сарапшысының ойынша, «Көптеген компаниялар Сауд Арабиясындағы тұтынушыларын жоғалтып ала алады. Дегенмен, мұнай мен энергетика саласында Сауд Арабиясынан бас тарту мүмкін емес. Өйткені, әлем бойынша Сауд Арабиясы мұнай өндірушілердің алғашқы үштігінде».

Дүйсенбі күні мемлекеттің энергетика министрі мұнай саудасы саясаттан бөлек қарастырылатын мәселе екенін, Сауд Арабиясының мұнай өндірісінен бас тартпайтынын мәлімдеді.