Әлем • 25 Қазан, 2018

Италия Samsung пен Apple компанияларына 15 миллион еуро көлемінде айыппұл салды

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италия Samsung пен Apple компанияларына айыппұл салды, деп хабарлайды Euronews.

Италия Samsung пен Apple компанияларына 15 миллион еуро көлемінде айыппұл салды

«Жоспарланған ақау» үшін 15 миллион еуро көлемінде айыппұл өтеуі тиіс компаниялар техникаларын әдейі ақаулармен шығарған деп жазаланып отыр.

Компаниялар ұялы телефон қолданушыларына бірқатар жаңартулар жүктеп алуды ұсынған. Алайда, жаңартулар құрылғылардың жұмысына, әсіресе энергия қуатына зарар келтірген. Бұл істен шығулар кепілдікпен жөндеуге келмейтін болып шықты. Мұндай «коммерциялық саясат» компания тұтынушыларын жаңа құрылғылар сатып алуға мәжбүрлеген.

Италиядан кейінгі тергеуді Франция мемлекеті де бастап кетті.