Футбол • 26 Қазан, 2018

"Астана" сырт алаңда тең түсті

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа Лигасының аясында чехияның "Яблонец" командасымен кездескен "Астана" сырт алаңда тең ойнап қайтты. 

"Астана" сырт алаңда тең түсті

Кездесудің небәрі 4-минутында Якуб Поважанец есеп ашып, алаң иелерін алға жетеледі. "Яблонецтің" алғашқы минуттардағы қарқыны елордалықтардың зәресін алғаны анық. Алайда, қарсыластық қарқыны 11-минутта су сепкендей басылды. Себебі, Джуниор Кабананганың пасынан кейін Педро Энрике баспен керемет гол соқты. Ойын осылайша тең аяқталып, екі команда бір бір ұпаймен тарасты. Енді 8-қараша күні осы екі ұжым "Астана Аренада" қайта кездеседі. 

Айта кетуіміз керек, топтағы екінші ойында "Динамо" Киев сырт алаңда "РЕННді" 2:1 есебімен жеңді. Дегенмен, елордалықтар топтағы алғашқы орынды сақтап қалды. 

"Астана"   5 ұпай

"Динамо"  5 ұпай

"РЕНН" 3 ұпай

"Яблонец" 2 ұпай

Соңғы жаңалықтар