Білім • 26 Қазан, 2018

Болашақ кітапханашылар кездесуі өтті

633 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іс-шараны Ұлттық кітапхананың директоры Жанат Сейдуманов ашып, айтулы мерекемен болашақ кітапханашыларды құттықтады. Алматы қаласының кітапханалары күні аясында Ұлттық кітапханада «Мамандығым - мақтанышым» тақырыбында «Кітапхана ісі» мамандығының студенттеріне арналған Ашық есік күні өтті.

Болашақ кітапханашылар кездесуі өтті

Іс-шара барысында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасының биылғы Жолдауы, еліміздің мәдениетін дамыту жолындағы кітапханашының рөлі, қызметі, Ұлттық кітапхананың парасат ордасы ретіндегі мәртебесі мен қоғамдағы орнын көтерудегі көптеген мәселелер қозғалды.

Ашық есік күніне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының магистранттары мен докторанттары және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Шара соңында қатысушылар үшін Ұлттық кітапхананың құрылымдық бөлімдеріне арнайы экскурсиялар ұйымдастырылды.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ