Аймақтар • 27 Қазан, 2018

Тараз қаласында «Теміржол вокзалы аллеясы» ашылды

608 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қала күні мерекесі аясында Тараз қаласында «Теміржол вокзалы аллеясы» ашылды.

Тараз қаласында «Теміржол вокзалы аллеясы» ашылды

Аллеяда екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһарының тарихын баяндайтын стелла орнатылып, оған «Тәңір» деген сөз жазылыпты. Сонымен қатар, мұнда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың домбырасы, күй тәңірі Ықылас Дүкенұлының қобызы бейнеленген. Сонымен қатар, неше мыңжылдықтардан сыр шертетін Тараз топырағынан да талай тұлғалардың шыққанын білдіретін қауырсынның орнатылуы келер ұрпақ үшін үлкен өнеге болатыны анық.

Аталған нысанның лентасын Жамбыл облысының Құрметті азаматы, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сембек Сейдәзімов пен Тараз қаласының Құрметті азаматы, теміржол саласының ардагері Сағымбек Ақшалов салтанатты жағдайда қиды. Бұдан кейін бүгін теміржол вокзалы маңынан ашылып отырған стелланың қала көркін арттырып қана қоймай, болашақ ұрпақтың ұлт тарихына қанығатын орталығына айналатынын да жеткізді.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар