Аймақтар • 29 Қазан, 2018

Түркістан жемқорлықтан ада өңірге айналады

711 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін

Түркістан – күллі түркінің, оның ішінде исі қазақтың тәу ететін қасиетті жері. Яғни, құқықбұзушылық пен қылмыстан ада, қай жағынан болсын таза болуы тиіс. Халықтың қалауы да, Елбасының талабы да осыған саяды. Иә, Мемлекет басшысының Жолдауы жария етілген Ақордадағы алқалы жиын­да Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа берген «Жаңа облыста жаңа тәртіп болсын» деген тапсырмасын бүкіл ел естіді. Сенімге негізделген тапсырманың жүгі ауыр, ал орындалуы өңірдің басшысына ғана емес, тұрғындарына да тікелей байланысты екені мәлім.

Түркістан жемқорлықтан ада өңірге айналады

Жемқорлықты жоятын нақты қадамдар

Жаңа облыстың жеке-дара аталып, тәртіптің талап етілуіне негіз де жоқ емес еді. Маусым айында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Президент осы шараға тікелей эфир арқылы қатысып отырған облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа қарата: «Менде неше түрлі хабарлар бар, мектепке еден жуушы болу үшін пара беру керек. Мектепке мұғалім болып орналасу үшін пара беру керек. Басқа облыста ондай жоқ, тек қана сендерде бар», деп қатаң сын айтқан болатын. Қазан айында Ақордада осы бір келеңсіздікті еске сала Елбасы облыс әкімінен бұл мәселені қалай шешпек ойы бар екендігін сұрады. «Нұрсұлтан Әбішұлы, біз арнайы шаралар қабылдадық. Қазір техникалық қызметкерлерді, мұғалімдерді, директорларды интернет арқылы қабылдаймыз. Жеке адаммен  жолығу жоқ. Сонымен қатар ба­лабақшаларға, 1 сыныпқа қабыл­дауды жөнге келтірдік», деп жа­уап берді облыс басшысы. 

Расында да Түркістан облысында сыбайластықтың алдын алуға бағытталған нақты шаралар жоспарланып, жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру және кезекке қою процестері автоматты түрде жүргізіліп, бүгінгі күнге 481 мекеме немесе барлық 1368 мектепке дейінгі мекемелердің 35 пайызы осы жүйемен жұмыс жүргізуде. Жыл соңына дейін balabaqsha.sitcen.kz порталына балабақшалардың 100 пайызын қосу жоспарлануда. Жүйе қызметімен бүгінде 12 мыңнан астам балдырған балабақшаға орналасқан. Сондай-ақ облыстың 902 (100%) мектебінде jumys.sitcen.kz жүйесі енгізілген. Бү­гін­ге дейін аталған жүйе қызме­ті арқылы 933 бос жұмыс орны жа­рияланып, 321 адам жұмысқа ор­наласқан. Сыбайлас жемқор­лық деңгейін барынша азайту үшін азаматтық қоғам инсти­тут­тарымен кері байланыс орнату мен қоғам арасында сыбай­лас жемқорлыққа қарсы мәде­ниетті қалыптастырудың, сон­дай-ақ қоғамдық бақы­лау­дың маңыздылығы артуда. Мем­­л­е­кеттік қызмет істері және сы­­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігі Түркіс­тан облы­сы бойынша департа­ментінің басшысы Ғалым Тұр­сын­баев­тың мәлімдеуінше, екі айдың кө­ле­мінде облыстағы 1300-ден аса білім беру саласы басшылы­ғы­ның қатысуымен, сонымен қатар салық органдарының қызмет­ші­лері қатысқан құқық бұзушы­лық­тың алдын алу және болдыр­мау мәселелері бойынша жиын­дар, мектеп оқушылары арасын­да «Адал ұрпақ» облыстық слеті өткізілген. Жоғары оқу орын­да­рының студенттері үшін  мем­ле­кеттік қызмет мектебі ашыл­ды. Аудан, қалалар арасында бастау алған сыбайлас жемқор­лыққа қарсы «Адал жол»  марафоны өз мәресіне жақындап келеді. Агенттіктің Түркістан облы­сын­дағы Әдеп жөніндегі Кеңесі жа­ңадан құрылды. Бұдан өзге, агент­тік арқылы бизнесті қо­рғау, оларға қолайлы климат қалып­тастыру, мемлекеттік бақы­лау-қа­дағалау рәсімдерін ба­рынша оң­тайландыру мақса­тында «Protecting Business and Inves­t­ments» жобасы жүзеге асыры­­луда. «Осы жұмыстарды қолға ал­ған департамент бүгінгі күні жал­пы сомасы 50 млрд теңге­ден жоғары соманы құрай­тын 3 инвес­ти­циялық жобаны сыбай­лас жемқор­лыққа қарсы сүйемелдеуге алды. 

Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жемқорлықпен күрес жүргізуде,  алайда, бұл індеттің кең тарағаны сонша, оған қоғам болып қарсы шықпаса біздің тарапымыздан атқарылып жатқан жұмыстар толықтай өз нәтижесін береді деп айту қиын. Сондықтан, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын түбегейлі өзгерту маңызды және онымен күрес жүргізу ісінде ешкім тыс қалмауы қажет»,  дейді департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев. 

Жымысқы әрекет жазадан құтылмайды

Сыбайлас жемқорлықтың ең көбі білім саласында екендігі де талас тудырмайды. Тұрғындар арасында айтылып жүрген: «Түркістанда мектепке мұғалім болып кіру үшін басшыларға 500 мыңнан бастап, 1 миллион теңгеге дейін пара беру керек. Лаборант немесе еден жуушы болып орналасу үшін 150 мен 300 мың теңге аралығында ақша беру керек» деген сөздің Елбасына жетуі де мәселенің тым күрделене түскенін білдіреді. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша аумақтық бөлімшесі қызметкерлері өткен жылы өңірде 6 мектеп директорының парамен ұсталғанын, биылдың алғашқы екі айында екі мектеп басшысының құрыққа түскенін ресми жиында айтқан болатын. Ұсталғандардан алынған параның көлемі де біраз жайттан хабар береді. Мұғалімдік жұмысқа қабылдау үшін – 850 мың теңге, мектеп жанындағы шағын орталыққа тәрбиеші болып орналасу үшін – 300-500 мың теңге, ал мектеп асханасын жалға алған жеке кәсіпкерді қамқорлығына алудың ставкісі – 50 мың теңге. Өкінішке қарай, парақорлық балабақшаларға да жеткен. Өткен жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша 40 адам жауапкершілікке тартылыпты. Оның ішінде жалған құжат жасау, балабақшадағы тәрбиеленушілердің санын әдейі көбейтіп көрсетуге қатысы болғаны үшін  9 ауылдың әкімі сотталған. Жалпы Түркістан облысында соңғы үш жылда білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 50 жағдай тіркеліпті. Бүгінде бірқатар азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықовтың айтуынша, 2018 жылдың 8 айында облыс аумағында білім беру ұйымдарының лауазымды тұлғаларымен жасалған 6 сыбайлас қылмыстық іс тіркелген. Оның 4-еуі мектеп директоры мен 1 техникалық қызмет көрсетуші және жетекші маманға қатысты. Бұл өткен жылдағы тиісті мерзіммен салыстырғанда бес фактіге азайғанын көрсетеді. Өйткені  2017 жылдың 8 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 11 жағдай тіркелген болатын.

Сыбайлас жемқорлық басқа да салаларда, өкінішке қарай, орын алып отыр. Мысалы, Түркістан облысы Сайрам аудандық құрылыс бөлімінің басшысы ірі көлемде пара алу үстінде ұсталды.  Күдікті жалпы құны 400 миллион теңгені құрайтын  Ақбай ауылындағы орта мектептің қосымша корпусын салуға жарияланған тендер бойынша келісімшарт жасағаны үшін мердігерден 12 миллион теңге пара алыпты. Соңғы оншақты жылдың көлемінде облыста мұндай қомақты парамен ұсталыпты дегенді естімеген едік. Бұл көлемдегі пара жалғыз бөлім басшысының үлесі болмаса керек. Мұны тергеу амалдары анықтар. Маусым айында облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістан қаласының бұрынғы прокуроры М.Зұлпыхаровты қорқыту жолымен аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды. 

Елімізде сыбайластық қылмыс азайып келеді

Жалпы, жемқорлықпен күрес Түркістан өңірінде ғана емес, еліміз бойынша күшейтілгені белгілі. Елбасы Жолдауында да бұл індетке қарсы әрекет қарқынды жалғасатыны айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша мәліметтеріне жүгінсек, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде 1704 құқық бұзушылық тіркелген.  Оның 1204-і, яғни 71% сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша. Анықталған қылмыстардың көбісі парақорлық – 52% (626), ұрлау – 21% (254) және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану – 17% (210). Сотқа жіберілген қылмыстық істер 1370 болса, аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал  9,7 млрд теңгені құраған. Оның 8,5 млрд теңгесі немесе 88%-ы өтеліпті. Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған 663 тұлға анықталған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан мәліметтерге қарағанда, биыл сегіз айда елімізде тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны айтарлықтай азайған. Жыл басынан бері жемқорлық санатындағы 1393 факті тіркелген. Оның ішінде 761 істің 555-і пара алуға, 157-сі беру қатысты. Ал сыбайлас жемқорлықтың саны жағынан рейтинг бойынша Астана қаласы алда келеді екен. Екінші орында Қостанай мен Түркістан облыстары. Сондықтан, алдыңғы қатардан жемқорлық бойынша емес, экономикалық-әлеуметтік көрсеткіші бойынша көрінуге әрбір өңірдің тырысатыны анық. 

Елбасы Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату қажеттігі айтылды. Осы орайда киелі Түркістанды орталығы еткен жаңа облыс сыбайлас жемқорлықтан ада өңірге айналуды мақсат етіп отыр. Бұл орайда облыс әкімі сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген әрі осы індетке қарсы тиісті дәрежеде қадағалау жүргізбеген лауазымды қызметкерлердің мәселесі қатаң қаралатынын ескертіп,  аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді міндеттеді.

Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жемқорлық­пен күрес жүргізуде, алайда, бұл індеттің кең тарағаны сонша, оған қоғам болып қарсы шықпаса біздің тарапымыздан атқары­лып жатқан жұмыстар толықтай өз нәтижесін береді деп айту қиын. Сондықтан азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын түбегейлі өзгерту маңызды және онымен күрес жүргізу ісінде ешкім тыс қалмауы қажет», дейді департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев. 

Жемқорлар жазадан құтылмайды

Сыбайлас жемқорлықтың ең көбі білім саласында екендігі де талас тудырмайды. Тұрғын­дар арасында айтылып жүрген: «Түркістанда мектепке мұғалім болып кіру үшін басшыларға 500 мыңнан бастап, 1 миллион теңгеге дейін пара беру керек. Лаборант немесе еден жуу­шы болып орналасу үшін 150 мен 300 мың теңге аралығында ақша беру керек» деген сөздің Елбасына жетуі де мәселенің тым күрделене түскенін білдіреді. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы­ның Түркістан облысы бойынша аумақ­тық бөлімшесі қызмет­кер­лері өткен жылы өңірде 6 мек­теп дирек­торының пара­мен ұс­талғанын, биылдың алғаш­қы екі айында екі мектеп басшысының құрыққа түскенін ресми жиында айтқан болатын. Ұсталғандардан алынған параның көлемі де біраз жайттан хабар береді. Мұғалімдік жұмысқа қабылдау үшін – 850 мың теңге, мектеп жанындағы шағын орталыққа тәрбиеші болып орналасу үшін – 300-500 мың теңге, ал мектеп асханасын жалға алған жеке кәсіпкерді қамқорлығына алудың ставкісі – 50 мың теңге. Өкінішке қарай, парақорлық балабақшаларға да жеткен. Өткен жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша 40 адам жауап­кершілікке тартылыпты. Оның ішінде жалған құжат жасау, балабақшадағы тәрбие­лену­шілердің санын әдейі көбейтіп көрсетуге қатысы болғаны үшін 9 ауылдың әкімі сотталған. Жалпы Түркістан облысында соңғы үш жылда білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 50 жағдай тіркеліпті. Бүгінде бірқатар азамат қылмыстық жауап­керші­лікке тартылған. Облыстық білім бас­қармасының басшысы Иса­тай Сағындықовтың айтуынша, 2018 жылдың 8 айында облыс аумағында білім беру ұйым­­дарының лауазымды тұлға­лары­мен жасалған 6 сыбайлас қыл­мыстық іс тіркелген. Оның 4-еуі мектеп директоры мен 1 техникалық қызмет көр­сетуші және жетекші маманға қатыс­ты. Бұл өткен жылдағы тиісті мерзіммен салыстырғанда бес фактіге азайғанын көрсетеді. Өйт­кені 2017 жылдың 8 айында сыбай­лас жемқорлыққа қатысты 11 жағдай тіркелген болатын.

Сыбайлас жемқорлық басқа да салаларда, өкінішке қарай, орын алып отыр. Мысалы, Түркі­стан облысы Сайрам аудан­дық құрылыс бөлімінің басшысы ірі көлемде пара алу үстінде ұсталды. Күдікті жалпы құны 400 миллион теңгені құрайтын Ақбай ауылындағы орта мектептің қосымша корпусын салуға жарияланған тендер бойынша келісімшарт жасағаны үшін мердігерден 12 миллион теңге пара алыпты. Соңғы оншақты жылдың көлемінде облыста мұндай қомақты парамен ұсталыпты дегенді естімеген едік. Бұл көлемдегі пара жалғыз бөлім басшысының үлесі болмаса керек. Мұны тергеу амалдары анықтар. Маусым айында облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістан қаласының бұрынғы прокуроры М.Зұлпыхаровты қорқыту жолымен аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

 Сыбайластық азайып келеді

Жалпы, жемқорлықпен күрес Түркістан өңірінде ғана емес, еліміз бойынша күшейтілгені белгілі. Елбасы Жолдауында да бұл індетке қарсы әрекет қарқынды жалғасатыны айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро­сы­ның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыс­тары бойынша мәліметтеріне жүгінсек, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде 1704 құқық бұзушылық тіркелген. Оның 1204-і, яғни 71%-ы сыбайлас жем­қорлық фактілері бойынша. Анық­талған қылмыстардың көбісі парақорлық – 52% (626), ұрлау – 21% (254) және лауа­зым­дық өкілеттіктерін асыра пай­далану – 17% (210). Сотқа жі­беріл­ген қылмыстық істер 1370 болса, аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал 9,7 млрд теңгені құраған. Оның 8,5 млрд теңгесі немесе 88%-ы өтеліпті. Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған 663 тұлға анық­талған. Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­қор­­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі таратқан мәліметтерге қара­ғ­анда, биыл сегіз айда еліміз­де тіркелген сыбайлас жемқор­лық қылмыстардың саны айтарлық­тай азайған. Жыл басынан бері жемқорлық санатындағы 1393 факті тіркелген. Оның ішінде 761 істің 555-і пара алуға, 157-сі беруге қатысты. Ал сыбайлас жемқорлықтың саны жағынан рейтинг бойынша Астана қаласы алда келеді екен. Екінші орында Қостанай мен Түркістан облыстары. Сондықтан алдыңғы қатардан жемқорлық бойынша емес, экономикалық-әлеуметтік көрсеткіші бойынша көрінуге әрбір өңірдің тырысатыны анық. 

Елбасы Жолдауында «Сыбай­лас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжіри­бесін тарату қажеттігі айтылды. Осы орайда киелі Түркістанды орталығы еткен жаңа облыс сыбайлас жемқорлықтан ада өңірге айналуды мақсат етіп отыр. Бұл орайда облыс әкімі сыбайлас жем­қорлық фактілері тіркелген әрі осы індетке қарсы тиісті дә­ре­жеде қадағалау жүргізбеген лауа­­зым­ды қызметкерлердің мә­се­­лесі қатаң қаралатынын ескер­­тіп, аудан, қала әкімдері мен бас­­­қар­­ма басшыларына жемқор­лыққа қарсы күресті күшейтуді міндеттеді.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы