Теннис • 29 Қазан, 2018

Теннис: Кукушкин әлемдік рейтингте үздік елулікке жақындады

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте 71-інші сатыдан 54-інші орынға көтерілді.

Теннис: Кукушкин әлемдік рейтингте үздік елулікке жақындады

М.Кукушкин бұл көрсеткішке жексенбі күні мәреге жеткен Вена турнирінде табысты өнер көрсетуі нәтижесінде қол жеткізді. Әйелдер арасындағы рейтингте Юлия Путинцева бұрынғыша 45-інші, Зарина Дияс 90-ыншы орында келеді.

Михаил Кукушкин осы аптада тағы бір ірі турнирге қатысады. Жүлде қоры 5 млн АҚШ долларына жуықтайтын Париж турнирінің алғашқы айналымында қазақстандық спортшы әлемнің 57-інші ракеткасы, франциялық Пьер-Юг Эрбермен кездеседі.

Еске сала кетейік, М.Кукушкиннің бұдан бұрын Вена турнирінің финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.