Парламент • 30 Қазан, 2018

Қазақстан Республикасының шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы

2018 жылғы 28 қазанда Түркістан облысын, Астана және Шымкент қалаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының 14 өңірінде шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтті. Сайлау 83 сайлау округінде, оның ішінде 12 облыстық, 9 қалалық және 62 аудандық мәслихаттардың округтерінде өтті.

Сайлауға 14 облыстық, 8 қалалық, 46 ау­дан­дық, 83 округтік, 326 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылған.

Сайлау науқаны барысында депутаттыққа 284 кандидат ұсынылып, олардың ішінен барлық деңгейдегі мәслихаттарға 252 кандидат тіркелген.

7 кандидатты тіркеудің күшін жойғаннан кейін 245 кандидат сайлау бюллетеньдеріне енгізілді.

Орташа бәсекелестік шамамен 1 депутаттық мандатқа 

3 кандидаттан келеді (2,95), дауыс берушілердің саны 69,9%-ды құрады.

Сайланған мәслихат депутаттарының 66-сы ер адам (79,5%), 17-сі әйел адам (20,5%).

Сайланған мәслихат депутаттарының орташа жасы – 47,4.

Сайлау науқаны республика сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес өтті.

БАҚ-пен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім