Кәсіпқой бокс • 30 Қазан, 2018

Мұса Тұрсынғалиев пен Иван Дычко 30 қарашада рингке шығады

667 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

30 қарашада АҚШ-тың Флорида штатында өтетін кәсіпқой бокс кешінде Қазақстанның қос өрені – Мұса Тұрсынғалиев пен Иван Дычко шаршы алаңға шығады.

Мұса Тұрсынғалиев пен Иван Дычко 30 қарашада рингке шығады

Жартылай жеңіл салмақтағы Мұса Тұрсынғалиевтің кәсіпқой рингте күш сынасып жүргеніне бар-жоғы бір жыл ғана уақыт болды. Соған қарамастан осы қысқа мерзім аралығында ол қырағы мамандардың назарына ілікті. Осы күнге дейін 8 рет шаршы алаңға көтерілген қандасымыз барлық бәсекеде жеңіске жетті. Алты қарсыласын Мұса мерзімінен бұрын ұтты. Енді қазақ жігіті Рубен Сервермен жұдырықтасады. 21 жастағы Колумбияның боксшысы да әлі жеңілістің кермек дәмін татқан емес. Ол 10 кездесу өткізіп, 9 қарсыласын нокаутқа жіберді.

Сол кеште аса ауыр салмақтағы Иван Дычко да өнер көрсетеді. Бес кездесуінің барлығын жеңіспен аяқтаған әйгілі отандасымыздың қарсыласы әлі анықталған жоқ.   

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»