Бокс • 30 Қазан, 2018

Қонақбаев AIBA президенттігіне сайлауға түсетін болды

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік әуесқой боксшылар қауымдастығының президенті лауазымына Серік Қонақбаев та үміткер атанды. 

Қонақбаев AIBA президенттігіне сайлауға түсетін болды

Халықаралық төрешілер қауымдастығы Серік Қонақбаевтың өтінішін мақұлдап оны президенттікке үміткерлер қатарына қосты. Енді 2-3 қараша күндері Мәскеуде өтетін AIBA конгрессінде саулау өтіп, жаңа басшының есімі белгілі болады. Айта кетейік, бұл лауазымды қызметке үміткер екеу. Серік Қонақбаевтың бәсекелесі Өзбекстан азаматы Ғафур Рахимов.