Футбол • 30 Қазан, 2018

"Астана" жас талантты ойыншыны сатып алмақшы

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық "Астана" бес дүркін чемпион болысымен, тағы бір ойыншыны сатып алуды көздеп отыр. 

"Астана" жас талантты ойыншыны сатып алмақшы

Себебі, "Астана" командасы қазіргі көрсетіп жатқан өнерімен Еуропа лигасының көктемгі плэй-офф сатысына шығуы мүмкін. Қазақстандық команда қазір өз тобында бірінші орында келеді. Сондықтан да, елордалық клубтың басшылығы сол қапталда өнер көрсететін жартылай қорғаушыны сатып алмақ. Григорий Бабаянның көзі бұл жолы қазақстандық жас талант Максим Фединге түсіп отыр. Осы жақында ғана Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Фединді еліміздің бас командасына алған еді. Қостанайлық "Тобыл" сапында өнер көрсететін Максимнің "Астанаға" ауысу-ауыспауы жақын арада белгілі болмақ.