ДНК-лардың көбі неліктен зерттелмеген?

Сізде PNMA6F деп аталатын ген бар. Жалпы, ол адамдардың бәрінде бар. Бірақ осы геннің немесе оны жасайтын протеиннің мақсатын ешкім білмейді. Қарап отырсақ, PNMA6F түсініксіз жалғыз ген емес екен. 

Егемен Қазақстан
31.10.2018 1368
2

Карл ЗИММЕР, «Нью-Йорк Таймс»

Чикагодағы Northwestern университеті зерттеушілерінің мәліметіне сүйенсек,  адам денесіндегі 20 000-дай протеиндік геннің 5400-ге жуығы туралы толыққанды мәлімет жоқ. Гендеріміздің көбіне назар аударылмаған немесе нашар зерттелген. Тек 2000-дай генге басымдық беріліп, кейінгі жылдары жарияланған ғылыми жұмыстардың 90 пайызы осы бағытта жүргізіліпті. 

Мұндай теңсіздікке бірнеше фактор ықпал еткен және бұл ғалымдардың ғылымға көзқарасын анық байқатады. 

Әдетте зерттеушілер бұған дейін талай зерттелген гендерге назар аударуға бейім. Өйткені нәтижесі белгісіз бола­тын­дықтан, PNMA6F секілді генді зерт­теу ғалымның карьерасына нұқсан келтіруі мүмкін. 

«Егер осыншалықты баяу зерттеу жүр­гізсеңіз, онда аталған гендерді түсі­нуге уақыт жетпеуі мүмкін», дейді ғы­лы­ми жұмыс авторының бірі Луис А.Нуньес Амарал. 

Қазіргі таңда ғалымдар ақуыздарды егжей-тегжейлі зерттей бастағандықтан, ке­ле­шекте мұндай гендер туралы кең көлем­ді мәлімет жинап қалуымыз мүмкін. Бұған дейін ғалымдар ДНК коды өзінен тараған бүкіл гендерге берілетінін алғаш байқаған болатын. 

Зерттеушілер адам гені туралы мәлі­мет­тің жетіспейтінін 2003 жылы байқады. Ақыры санаулы бөлігі ғана ғылыми жұмыстарға негіз болыпты. 
Бүгінде ғалымдар адам геномының егж­ей-тегжейлі картасын әзірледі. ДНК тіз­бегін анықтайтын технологияның да әлеуеті артты. 

Таяуда доктор Амарал бастаған бірқа­тар ғалымдар 2015 жылға дейін жария­лан­ған ғылыми жұмыстар қаншалықты адам геномын жан-жақты зерттегеніне үңі­­ліп көрген болатын. Зерттеудің басым бө­лігі белгілі гендерге ғана арналған екен. 

Доктор Амарал мен оның әріптестері мұның себебін түсінуге талпынған-ды. Ғалымдар үлкен маңызға ие гендерді зерттеуді жөн көрген шығар?.. Бәлкім, олар қатерлі ісік және басқа да ауруларға ғана жауапты гендерге басымдық беруі мүмкін. 

Сөйтсе, мәселе мұнда емес көрінеді. «Қатерлі ісіктен емдеу үшін маңызды көп­теген гендер бар, бірақ олар әлі то­лық­қанды зерттелмеген», дейді доктор Амарал. 

Оның үстіне, ағзаның ішіндегі ақуыз­дарға қарағанда сыртындағы түрлерін жинау оңайырақ. Доктор Амарал мен әріптестері жүргізген зерттеуге сай, егер ген секрециялық ақуыздар шығарса, онда сол гендер жан-жақты зерттеледі екен. 

Сондай-ақ тышқан және басқа да зертханалық жануарлардың гендеріне ұқсас адам гендерін зерттеу де оңай. Мәселен, аңдарда жиі зерттелген ген­дер­дің адамда кездесетін нұсқасы да басты назарға алынады. 

Бұдан бөлек, геннің тарихы да маңызға ие. Қазіргі таңда белсенді зерттеліп жүр­ген гендер осыдан көп уақыт бұрын та­былған-ды. Мәселен, адам гендерінің 16 пайызы 1991 жылға дейін анықталып қойған. 2015 жылға дейін жарияланған ғылыми жұмыстардың жартысынан астамы осы гендерге арналыпты. 

«Адам геномы жобасы арқылы мұндай тренд жаңа бағыт алады деп ойлаған едік. Алайда біздің жұмысымыздың нәтижесі көрсеткендей, ештеңе өзгерген жоқ», дейді доктор Амарал. 

Яғни, қазіргідей жылдамдықпен адам гендерінің әрқайсысына бір ғылыми жұ­мыс арнау үшін бір ғасырдан астам уақыт керек. Мұндай баяу қарқын медицинаның дамуына кедергі келтіруі мүмкін. «Біз әлі күнге дейін дәрілерді сынау үшін бұрын­ғы гендерге ғана мұқият қараймыз. Бірақ геномдағы басқа гендердің басым бөлігі назардан тыс қалып отыр», дейді доктор Амарал. 

Ол әлі күнге ашылмаған гендерді зерттеуге арнайы грант бөлу туралы ұсыныс айтты. «Қаржыландырған кейбір жобалар сәтсіз аяқталуы әбден мүмкін. Бірақ олар табысқа жетсе, көптеген мүмкіндікке жол ашады», дейді ол. 

© 2018 The New York Times News Service

Мақаланы аударған Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

14.11.2018

Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс

14.11.2018

Африканың Батыс Сахарасында күрделі тапсырмаларды орындады

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын жалақы өсірді

14.11.2018

Халықаралық балалар шығармашылығы Фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында 40 пәтер пайдалануға берілді

14.11.2018

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

14.11.2018

Алматыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланды

14.11.2018

Алматы жұртшылығы жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Алматыда «Көшпенділер әуені» атты дәстүрлі орындаушылардың ІІ Республикалық байқауы өтті

14.11.2018

Алматыда дәстүрлі «Болат Тұрлыханов кубогі» өтеді

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу