Өнер • 31 Қазан, 2018

Қарағандыда көрме-байқаудың жеңімпаздары анықталды

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында тұңғыш рет ұйымдастырылған «Еңбек адамы» фото байқау-көрмесінің қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.

Қарағандыда көрме-байқаудың жеңімпаздары анықталды

Қазылар алқасының шешімімен «Мен кәсібімді мақтан етемін» аталымында бас жүлде Бекзат Балтабековке бұйырды. Ал «Өз ісінің шебері» аталымында Кешубай Байділдиновтің бағы жанды. Жеңімпаздарға 30 000 теңге сомасында ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Шараның негізгі мақсаты қоғамда еңбек адамына деген құрметті тәрбиелеу болатын. Мысалы аталған байқауда қатысушы кез келген сала қызметкері  өзін таныстырып, жұмысына деген зор сүйіспеншілігін көрсетуге тиіс болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқаулар кәсіп имиджін жоғарылатып, мамандықты саналы түрде таңдауға ынталандырады.

Фото байқау-көрмені мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ұйымдастырды.

 

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды