Қазақстан • 02 Қараша, 2018

«Егемен академиясында» СІМ өкілі Талғат Жұмағұлов дәріс оқыды

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемен академиясының» кезекті дәрісін Сыртқы істер министрлігі, Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Талғат Жұмағұлов жүргізді.

«Егемен академиясында» СІМ өкілі Талғат Жұмағұлов дәріс оқыды

Журналистер қауымының саясаттан хабардар болып, сауатты әрі сапалы жаңалық таратуы қашан да маңызды. Яғни, дәріске қатысушы студенттердің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметімен танысуы  құптарлық іс.

Дәріс барысында Талғат Жұмағұлов Сыртқы істер министрлігіндегі баспасөз қызметінің қыр-сырымен таныстырып, комитет жұмысы тұрғысында ой бөлісті. Баспасөз релиздерін дайындау, күн тәртібіндегі мәселелерді шұғыл  түрде өзгерту, қолайсыз жағдайлардан қалай шығуға болатыны туралы сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, болашақ журналистерге мемлекеттің тілдің қолданылу деңгейін көтеруге ат салысуға шақырды. Министрлікке қойылатын сұрақтардың 95%-ы орыс тілінде, қалғаны қазақ тілінде екенін айтты. Саяси қақтығыстар, түйткілді мәселелерді шешудегі Қазақстанның рөлі, нақты қандай амалдарды қолдануға байланысты сараптамалық сұрақтардың көп қойылуы қажет екенін қадап айтты.  

Қазіргі таңда 2006 жылы құрылған Халықаралық ақпараттық комитетте қызмет атқарады. Комитеттің мақсаты – Қазақстанның халықаралық аренадағы оң имиджін қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Бүгінгі дәрістің спикері Талғат Жұмағұлов Алматы қаласында туып өскен. 1999 жылдан бері Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейді. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде оқыған.